AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 1...

Жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 171 фактісінің жолы кесілді

Әлеумет 08.04.2024, 06:19 1,103
Жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 171 фактісінің жолы кесілді
Сурет: https://web.telegram.org/k/#@kgdmfrk

2024 жылдың үш айында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 171 фактісінің жолы кесілді 


ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан-Ресей шекарасында 13 650 литр жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 103 әрекетін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қазақстан-өзбек шекарасында 11 135 литр жанар-жағармайды заңсыз шекара асыруға 68 әрекет жасалды. 3,7 млн. теңге айыппұл өндірілді. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған. Тыйым Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармай материалдарының тапшылығын болдырмау үшін нормативтік актілермен бекітілген. Мемлекеттік кірістер комитеті белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылау жүргізеді.


Тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. Электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің кедендік декларациялауын болдырмау мақсатында шаралар қабылданған. МКК мұнай өнімдерін заңсыз әкету фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізеді. 2023 жылы Қазақстан-өзбек шекарасында 79 800 литр мұнай өнімдерінің заңсыз әкетуіңің 294 әрекеті тоқтатылды. Мемлекет бюджетіне 24,5 млн. теңге айыппұл өндірілді. Қазақстан-Ресей шекарасында 60 мың литрге жуық мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 324 фактісінің жолы кесілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде жүргізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #заң #Контрабанда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);