Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ а...

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне оралды

Әлеумет 28.09.2022, 04:43 1,332
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне оралды
Сурет: Aikyn.kz

Олардың 70 пайызға жуығы Өзбекстаннан қоныс аударған.


Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден. Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған "Отандастар" қорының мәліметінше, соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


2021 жылы Қазақстанға Ираннан 20 отбасы көшіп келді. Олардың 14-і теріскейде орын тепті. Қандастардың барлығы «Еңбек» бағдарламасы бойынша жаңа баспанаға ие болды.


«Мен өткен жылы келгенмін, 1 жыл болады. Екі балам бар. Қазір тігінмен айналысып жүрмін. Торт жасаймын», - дейді қандас Мәриям Қазақ. 

Мәриямның ата-әжесі 1920 жылдары Кеңес үкіметінің солақай саясатынан бас сауғалап Ираннан бір-ақ шыққан. Ұрпақтары араға бір ғасыр уақыт салып, атажұртқа оралды.Жырақта жүрсе де, туған тілін ұмытпаған қазақтың қайсар қызы әке аманатын орындады. Енді мемлекеттік грант алып, кәсіп ашуды армандайды.


«Жақсы өмір сүріп кету үшін, бұл кісілерге шамалы болса да қолдау керек. Біз өз тарапымыздан ақпараттық қолдау көрсетсек, әкімшілік тарапынан жұмысқа тұрғызып, үй беріп, барлық әлеуметтік қолдау шараларын беруге жұмыс жасап жатыр», - дейді «Отандастар» қоры ақпараттық қолдау департаментінің атқарушы директоры Гүлмира Нұрбаева. 

«Отандастар» қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста. Мамандардың айтуынша, атамекеніне оралғысы келетіндер көп. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Этникалық қазақтар #елге оралу #Атажұрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Бүгін 16:59

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.