AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жыл басынан бері 10 мыңға жуық қылмыс көшедегі бей...

Жыл басынан бері 10 мыңға жуық қылмыс көшедегі бейнебақылаудың көмегімен ашылған

Заң мен тəртіп 25.10.2021, 09:27 1,043
Жыл басынан бері 10 мыңға жуық қылмыс көшедегі бейнебақылаудың көмегімен ашылған
www.inform.kz

Биыл 9 айдың ішінде ел көлемінде бейнебақылау камераларының көмегімен 9913 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі айтулы шаралардың бірі - көпшілік орындарды жаппай бейнебақылау камерасымен қамтамасыз ету. Бейнебақылау камерасына түскен кез келген құқықбұзушылық фактісі сотта немесе тергеу кезінде дәлел ретінде қолданылады. Бейнебақылау жүйесі қылмыстың ізін суытпай ашуға, айғақтарды жинауға ғана емес, оның алдын алуға да көмектеседі. Қазіргі таңда республика аумағында 625 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қойылған. Оның 100 мыңға жуығы жедел басқару орталығына тиесілі. Биыл 9 айдың ішінде бейнебақылау камерасының көмегімен республика бойынша 9 913 қылмыс ашылды», - деді Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Сондай-ақ, министр орынбасары бейнебақылау камерасының көмегімен ашылған қылмыстардың бірін айтып өтті.



«Биыл 8 қыркүйекте, түнгі сағат 01:30 шамасында қонақтан келе жатқан Петропавл тұрғынының ұялы телефонын белгісіз біреу қолынан жұлып алып, мопедке отырып, сыбайласымен бірге қашып кеткен. Жәбірленуші қылмыскердің түрін байқап үлгермеген, есесіне оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары 18 және 15 жастағы екі жасөспірімді дереу ұстады. Ұрланған зат тәркіленді», - деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қылмыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);