AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұртшы - жыл құсы

Жұртшы - жыл құсы

Әлеумет 01.04.2025, 09:15 1,744
Жұртшы - жыл құсы
Сурет: Vombat.su

Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) жыл сайын Қазақстандағы құстарды қорғау одағымен бірігіп, жыл құсы атауына лайық құстарды ұсынады.

 

Орнитологтар биылғы жарысқа тарғылбас (Юрок) пен жұртшы (Стервятник) деген екі құс түрін іріктеп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Дауыс берушілердің 60%-ы кішкентай торғай тәрізді құстан гөрі жыртқыш құсты жөн көріп, жыл құсы ретінде жұртшыны таңдады. Ал былтыр, 2024 жылы маубас жапалақ (Сплюшка) жыл құсы болған еді. 

Жұртшы - Қазақстанда мекендейтін бес өлексежегіш құстың бірі. Саны сиреп бара жатқандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Ересек түрін қауырсынының ағына, сап-сары маскасы мен сына тәрізді құйрығына қарап тез тануға болады. Еш құсқа ұқсамайтын келбетінен бөлек бұл құс өлексе жеп, ауру таралуын болдырмай, экожүйенің ілкі күйінде қалуына септігін тигізеді.

Жұртшы туралы 10 дерек: 

1. Қазақстанның Қызыл кітабындағы cтатусы: III санат, сирек түр.

2. Халықаралық Қызыл тізімдегі статусы: EN (endangered) — қауіп төніп тұрған түр.

3. Әлемдегі саны: 12 400–36 000 дарақ.

4. Қазақстанда мекендейтін жұп саны: 348 - 639 (орташа алғанда 502). 

5. Әлемдегі ареалы: Батыс және Шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік және Орталық Азия. 

6. Қазақстандағы ареалы: еліміздің батысындағы шөлді үстірттің шыңы және оңтүстік пен оңтүстік-шығысындағы шөлейтті аласа таулар мен тау етегі.

7. Ұзындығы 60–75 см, қанат құлашы 155–180 см, салмағы 1,8–2,5 кг.

8. Қорегі: өлексе, майда құстар мен бауырмен жорғалаушылар, жұмыртқалар.

9. Мекен ортасы: шөлді және шөлейтті аумақ, өріс пен елді мекенге жақын жерлер.

10. Түр сипаты: басқаларынан ажырататын белгілері — ересек құстардың қауырсыны ақ, қанатының ұшындағы қақпа қауырсыны қара. Сары түсті бетінің терісі жалаң, қауырсын өспейді. Ал жас құстардың қауырсыны, керісінше, қоңыр түсті. Уақыт өте ашық түске өзгеріп, 4-жылға қарай ғана толығымен ағарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұртшы #жыл құсы #биоалуантүрлілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

Бүгін 12:45

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:09

Алматыда 15 мың тұрғынды сумен қамтитын нысан жаңғыртылды

Бүгін 11:58

Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды

Бүгін 11:23

Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);