ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда т...

Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан

Заң мен тəртіп 16.01.2025, 14:26 965
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Сурет: Polisia.kz
Алматыда шетелдік көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан жолаушылар тасымалдаған.

Алматыда шетелдік көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан жолаушылар тасымалдаған.

 Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқан шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары «Hyundai» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті көршілес елдің азаматы басқарғаны белгілі болды. Ол танымал тасымалдау платформаларының бірінде өзге адамның атымен тіркеліп, заңсыз такси қызметін атқарып жүрген. 

Тексеру кезінде оның бұрын жол-көлік оқиғасына кінәлі болып, жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

– Қазіргі уақытта құқық бұзушы арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның Қазақстан аумағынан шығару мәселесі қаралуда. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау, қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында «Тасымалдаушы» республикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында қоғамдық көліктердегі кез келген заңсыздыққа «мүлдем төзбеушілік» ұстанымы негізінде қатаң шаралар қолданылуда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.