AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыссыздықпен күрес бойынша тапсырмалар берілді

Жұмыссыздықпен күрес бойынша тапсырмалар берілді

Әлеумет 26.10.2021, 06:43 1,295
Жұмыссыздықпен күрес бойынша тапсырмалар берілді
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жүйелі қадам.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі жұмыссыздықпен күреске қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Бірінші, Еңбек министрлігі салалық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, экономиканың сапалы және орнықты өсуі үшін кадр қажеттілігін анықтау мәселесін қарасын.


Екінші, цифрландыру - жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа формаларының пайда болуына әкеліп отыр. Жұмыспен қамтудың жаңа формаларын реттеу және экономикалық белсенділікке тарту механизмін әзірлеуді жеделдету қажет», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Үшіншіден, Үкімет басшысы біліктілікті реттеуді – еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жүйелі қадам деп бағалады. Осыған орай, Еңбек министрлігі салалық мемлекеттік органдармен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, кәсіподақтармен, сарапшылық қоғамдастықпен бірлесіп, «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеп, талқылауды жылдамдату жүктелді.


«Төртінші, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері қысқа мерзімде микроқаржылық ұйымдардың жарғылық капиталын толықтыруды қамтамасыз етсін.


Бесінші, Еңбек министрлігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және әкімдіктермен бірлесіп, «Бастау бизнес» жобасын Кәсіпкерлік жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асыруды жалғастыру қажет. Кәсіпкерлік жөніндегі жобалық офис аясында министр Серік Шапкеновтің жетекшілігімен жұмыспен қамту бойынша бағыт жасау қажет», - деді Асқар Мамин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #үкімет #Күрес #Мамин #жұмыссыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);