ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыс берушілер түлектерді жұмысқа орналастыру мәс...

Жұмыс берушілер түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады

Әлеумет 02.10.2025, 16:36 409
Жұмыс берушілер түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады
gov.kz
Астана қаласының Нұра ауданында көлік құралдарын техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану саласындағы кәсіпорын өкілдері мен Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі...

Астана қаласының Нұра ауданында көлік құралдарын техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану саласындағы кәсіпорын өкілдері мен Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі басшылығының кездесуі өтті. Шарада оқу орны түлектерін жұмыспен қамту, дуальды оқытуды дамыту және серіктестікті кеңейту мәселелері сөз болды.

Колледж директоры Римма Иманғазинованың айтуынша, бұл оқу орны елордада көлік жөндеу және қызмет көрсету мамандарын даярлайтын жетекші білім беру мекемесі саналады.

«Нұра ауданында автокөлік жөндеумен айналысатын 40-қа жуық ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Сондықтан біз оларға оқу базамызды, студенттеріміздің даярлығын көрсетуді маңызды деп есептедік», – деді колледж басшысы.

Колледж дуальды оқыту жүйесімен жұмыс істейді: 60% – өндірістік тәжірибе, 40% – теориялық білім. Қазіргі таңда шамамен 40 кәсіпорынмен келісімшарт жасалған. Жыл сайын колледж 100-150 маман дайындайды, олардың қатарында дәнекерлеушілер, электриктер, құрылысшылар, аспаздар, тігіншілер және кондитерлер бар. Барлығы – 11 мамандық және 16 біліктілік бойынша.

Оқу мерзімі – үш жыл. Бірінші жылы – жалпы білім беру, ал екінші курстан бастап кәсіби дайындық пен өндірістік тәжірибе басталады. Студенттер 1400 сағаттан астам тәжірибе жинақтап, кәсіпорында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова кездесудің маңызын атап өтіп:

«Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – дер кезінде жасалған шешім. Колледж студенттері ертеңгі күні қала үшін нақты пайда әкелетін мамандарға айналады. Сондықтан біз серіктес компаниялар санын арттырып, нақты тәжірибелік мүмкіндік беруді көздеп отырмыз», – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша колледж бен жұмыс берушілер практикаға негізделген оқытуды, кадрларға мақсатты сұраныс беруді және мамандар даярлаудағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.