ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыс беруші келісімін берсе, қызметкер қашықтан і...

Жұмыс беруші келісімін берсе, қызметкер қашықтан істей алады

Әлеумет 10.11.2025, 17:46 403
Жұмыс беруші келісімін берсе, қызметкер қашықтан істей алады
Сурет: qamshy.kz
Қазақстанның Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі көзделген.

Қазақстанның Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай жұмыс кестесі кімдерге белгіленетінін және қалай рәсімделетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Қызметкер де, жұмыс беруші де қашықтан жұмыс істеуге көшу туралы бастама көтере алады. Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істей алатын адамдар тобы нақты көрсетілмегендіктен, мұндай режим кез келген қызметкерге қолданылуы мүмкін. Бірақ көбіне бала күтетін адамдарға, уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға, шалғай елді мекендерде тұратындарға және тағы басқа жағдайларда белгіленеді.

«Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығына, бақылау ерекшеліктеріне шектеулер сақтала отырып, жұмыс уақытының тұрақты есебі белгіленеді. Қашықта жұмыс істегені үшін еңбекақы қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай еңбек шарттарында және жұмыс берушінің актісінде көзделген жұмыс көлемі аяқталғаннан кейін толық көлемде төленеді», - деп түсіндірді министрліктің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы.

Егер төтенше не әскери жағдай, карантин немесе қызметкердің денсаулығына қауіп төндіретін басқа да ерекше жағдайлар болса, жұмыс беруші уақытша қашықтан немесе аралас жұмыс режимін енгізе алады. Бұл ретте қызметкерді жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтармен, ақпараттық технология құралдарымен, байланыс қызметтерімен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ шығындарды өтеу жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.