ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Жүктілік туралы мифтер мен шындық: ана мен бала де...

Жүктілік туралы мифтер мен шындық: ана мен бала денсаулығы үшін нені ескеру керек?

Керек кеңес 12.02.2026, 14:00 131
Жүктілік туралы мифтер мен шындық: ана мен бала денсаулығы үшін нені ескеру керек?
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz
Жүктілік - әр отбасының өміріндегі ең жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақытта әйел ағзасы табиғи түрде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Көптеген аналар өзін жақсы сезініп, болашақ сәбиімен қауышатын...

Жүктілік - әр отбасының өміріндегі ең жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақытта әйел ағзасы табиғи түрде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Көптеген аналар өзін жақсы сезініп, болашақ сәбиімен қауышатын күнді асыға күтеді. Дегенмен, жүктіліктің кез келген кезеңі сақтықты әрі күтінуді қажет етеді. 

Құрсаққа біткен баланы жарық дүниеге аман-есен әкелгенге дейін жүкті әйел нені білу керек? Қандай ережелерді сақтау керек? Ана мен бала денсаулығы үшін неге назар аудару қажет? Бұл сұрақтардың жауабын Aqshamnews.kz тілшісіне акушер-гинеколог Жанна Төремұратова жауап берді. 

Дәрігер бақылауын жіберіп алмау

Жүктілікті жүргізетін акушер-гинекологқа апталық қабылдауларды міндетті түрде өткізіп алмауы керек.  Дәрігер кеңестерін қатаң сақтап, барлық тексерулерден уақытында өту - асқынулардың алдын алудың ең тиімді жолы. 

Салмақ пен сұйықтық мөлшерін бақылау

Үшінші кезеңде (триместрде) салмақ қосу мен тәуліктік сұйықтық теңгерімі ерекше маңызға ие.

Тәулігіне ішілген сұйықтық көлеміне:

  • ішкен су мен сусындар,
  • сорпалар,
  • жемістер мен сүт өнімдерінің жарты көлемі кіреді.

Ал бөлінген сұйықтық - тәуліктік зәр мөлшері (диурез).

Егер ішілген сұйықтық көлемі бөлінген мөлшерден айтарлықтай көп болса, бұл жасырын ісінудің белгісі болуы мүмкін. Жасырын ісінулер жүктіліктің қауіпті асқынуы – гестоздың белгісі болуы ықтимал. Ол қол-аяқтың ісінуімен, артериялық қысымның жоғарылауымен, зәрде ақуыздың пайда болуымен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан кез келген өзгерісті дәрігерге хабарлау маңызды.

Дұрыс тамақтану

Жүктіліктің соңғы айларында дұрыс тамақтану ерекше мәнге ие. Ағза босануға дайындалып жатқандықтан, ауыр тағамды қорытуға артық күш жұмсамауға тиіс. 

Дәрігер Жанна Төремұратованың сөзінше, босану күні жақындаған сайын, тағам рационы жеңіл болуы керек.

Рационнан фастфуд, газдалған сусындар, тұздалған және маринадталған өнімдер мен саңырауқұлақтарды алып тастау ұсынылады. 

Ал мына өнімдер пайдалы:

  • майсыз ет түрлері,
  • теңіз балығы,
  • қышқыл сүт өнімдері,
  • жұмыртқа,
  • жидектер (қаражидек, мүкжидек, қарлыған, қызыл және ақ қарақат),
  • жемістер (банан, алма, қара өрік, алмұртты шектеулі мөлшерде),
  • көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр, қызылша, пияз, тәтті бұрыш),
  • көк шөптер.

Дұрыс тамақтану - жеңіл босанудың және ана мен баланың жақсы хал-ахуалының кепілі.

Жеткілікті ұйқы

Сапалы ұйқы - жақсы көңіл-күй мен денсаулықтың негізі. Күніне кемінде 8–10 сағат ұйықтау ұсынылады. Таңертең сергек оянсаңыз - демалысыңыз жеткілікті деген сөз.

Есіңізде болсын: сәби анасының көңіл күйіндегі әр өзгерісті сезеді.

Қозғалыста болу

Кейбір әйелдер үшінші триместрде белсенділікті азайтып, көп уақытын диванда өткізеді. Алайда маманның айтуынша, толықтай қимылсыздық босануға дайындыққа кері әсер етуі мүмкін.

Орташа физикалық белсенділік:

  • жаяу серуендеу,
  • жүкті әйелдерге арналған йога,
  • жүзу,
  • тыныс алу жаттығулары,
  • фитболмен гимнастика – босануды жеңілдетуге көмектеседі.

Ал велосипед тебу мен атқа міну бұл кезеңде қатаң түрде болмайды.

Серуен кезінде киім мен аяқ киім ыңғайлы болуы тиіс. Биік өкшелі аяқ киімнен бас тартқан дұрыс. Өйткені жүктілік кезінде дене салмағы артып, ауырлық орталығы өзгереді. Бұл бел омыртқасына салмақ түсіріп, ауырсыну туғызуы мүмкін. Биік өкше құлау қаупін де арттырады.

Эмоцияны бақылау

Позитивті көңіл күй – сау жүктіліктің маңызды бөлігі. Жағымды эмоциялар окситоцин гормонының бөлінуіне ықпал етеді. Бұл гормон психологиялық қана емес, физикалық жағдайды да жақсартады.

Егер мазасыздық пен қорқыныш жиі мазаласа, психологқа жүгінуден тартынбаңыз.

Өзіңізге қуаныш сыйлайтын істермен айналысыңыз:

  • сәбиге қажетті заттарды таңдау,
  • бөлмесін дайындау,
  • есімін таңдау,
  • іштегі сәбиіңізбен сөйлесу,
  • жайлы музыка тыңдау,
  • таза ауада көбірек серуендеу.

Жүктілік – әйел өміріндегі ең ғажайып кезеңдердің бірі. Үшінші триместр – ана болуға бір қадам қалғанда басталатын ерекше уақыт. Осы сәттерді сабырмен, сеніммен және қуанышпен қарсы алу – болашақ ана үшін де, сәби үшін де маңызды.

Жүктілік туралы кең тараған мифтер

Миф: Жүктілік кезінде спортпен айналысуға болмайды

Шындық: Қалыпты физикалық белсенділік керісінше пайдалы. Бірақ ауыр жүктемелер мен құлау қаупі бар жаттығулардан бас тарту керек.

Миф: Шаш қиюға және бояуға болмайды

Шындық: Шаш қию мен сәндеу қауіпсіз. Бояуды тек жақсы желдетілетін жерде, сапалы құралдармен жасаған дұрыс.

Миф: Барлық сүйікті тағамдардан бас тарту керек

Шындық: Кофе, шай немесе ащы тағамдарды мөлшермен тұтынуға болады. Ең бастысы – теңгерімді рацион.

Миф: Косметологиялық процедуралар толық тыйым салынған

Шындық: Маникюр, педикюр, жеңіл массаж жасауға болады. Бірақ агрессивті химиялық және инъекциялық процедуралардан бас тарту қажет.

Миф: Жүкті әйелге бәрі болады

Шындық: Шектен тыс тамақтану артық салмақ пен асқынуларға әкелуі мүмкін.

Болашақ аналарға арналған нақты тыйымдар

Маманның айтуынша, жүктілік кезінде мына нәрселерден қатаң түрде бас тарту керек:

  • алкоголь,
  • темекі,
  • есірткі және дәрілерді өз бетінше қабылдау,
  • шикі немесе шала піскен ет пен балық,
  • шамадан тыс күйзеліс.

Жүктілік – әйел өміріндегі ең ғажайып кезеңдердің бірі. Бұл уақытта ең маңыздысы – мифтерге емес, медициналық дәлелденген ақпаратқа сүйену. Дұрыс күтім, теңгерімді тамақтану, белсенділік және позитивті көңіл күй – дені сау сәбидің дүниеге келуінің басты кепілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.