ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Жолға шықпаған жөн: 9 қаңтарда ауа райына байланыс...

Жолға шықпаған жөн: 9 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы 09.01.2026, 08:41 193
Жолға шықпаған жөн: 9 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: rostov.kp.ru
Көп облыста ауа райы күрт нашарлағаны белгілі болды. Сіздің өңірде қандай?

9 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылып, "Қазгидромет" тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және қатты желге байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Атырау облысында тұман түсіп, жол көктайғақтануы мүмкін. Әсіресе батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында түнгі және таңғы уақытта жолдың тайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қарағанды және Ұлытау облыстарының бірқатар аумағында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді. Жезқазған мен Қарағандыда да осындай ахуал сақталады.

Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы өңірлерінде тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да кей уақыттарда көріну қиындайды.

Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында, сондай-ақ Алакөл маңында жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ пен қою тұман болжанады. Орал қаласында түнде және таңертең аса сақ болған жөн.

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарының кей бөліктерінде тұман күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Петропавлда түнгі уақытта қар мен жел қозғалысты қиындатуы мүмкін.

Маңғыстау облысында да көктайғақ пен тұман қатар күтіледі. Ақтауда және облыстың жекелеген аумақтарында күндіз жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын күшейтуге, ал алыс жолға шығатын азаматтарды алдын ала қауіпсіздік жоспарын қарастыруға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.