Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы мен...

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы мен Алматы облысындағы жұмыстарын қорытындылады

Әлеумет 19.07.2023, 10:17 767
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы мен Алматы облысындағы жұмыстарын қорытындылады
Сурет: ашық дереккөз

Соңғы алты айда орталық қаладағы жол жабындарының сапасын бағалау және бақылаумен белсенді айналысты.


Алматы қаласы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жарты жылдық жұмыстың жиынтық нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ағымдағы жылы Алматы қаласы бойынша филиалды қаржыландыру 150 млн теңгені құрады. Осы жылдан бастап қосымша 90 млн теңгеге ведомстволық сараптама бойынша шарт жасалды. Маусым айында Медеу, Бостандық, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарымен жалпы сомасы 17 млн теңгеге шарттар жасалды», - деп хабарлады ЖАСҰО Алматы филиалының директоры Асхат Үсенов брифингте.



ЖАСҰО мамандары 98 рет жол учаскелерін аралап тексеру жүргізді, нәтижесінде асфальтбетон қоспасын төсеу технологиясының 46 рет бұзылу жағдайы анықталды, асфальтбетон жабынының қалыңдығы жеткіліксіз, қоспаның негізі дайындалмаған, негізді тегістеу және басқа да жұмыстар дұрыс жүргізілмеген.


Сондай ақ, басқа да олқылықтар мен ақаулар анықталды:
- құрылыста 19 бұзушылық анықталды, оның ішінде 16-сы жойылды, мердігер ұйымның жұмысында - 4;
- орташа жөндеу бойынша - 17, оның 13-і жойылды, мердігерлік ұйымның жұмысында 4;
- 2 ағымдағы жөндеу бойынша, жойылған жоқ;
- кепілдік тексерулер бойынша 7, оның ішінде мердігерлік ұйымның жұмысында - 7.



«Жыл басынан бері 14 нысан құрылыспен қамтылды, олар бойынша 41 сынама алынды, оның 26-сы ҚР Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақ «Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісі қиылысындағы жолайрығы» объектісінде мердігер ұйымдардың өз қаражаты есебінен №4 және №7 съездің жол жабыны қайта төселді. Ведомстволық сараптаманың жүргізілуіне және орташа жөндеудің кеш басталуына байланысты 25 объектінің 8-і орташа жөндеумен қамтылды. Орташа жөндеу 26 сынама алынды, оның 9-ы ҚР СТ талаптарына сәйкес келмейді және ол жайында Тапсырыс берушіге және Мердігер ұйымдарға хабарламалар жіберілді. Ағымдағы жөндеу бойынша 64 сынама алынды, оның 31-і ҚР СТ талаптарына сәйкес келмейді. Тапсырыс берушіге және мердігер ұйымдарға хабарламалар жіберілді», - деді ол.



Алматы облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков облыста жарты жыл ішінде 792 жол-құрылыс материалдарының сынамасы сыналғанын, оның 273-і (34%) стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша 365 сынама, ал облыстық, аудандық және ауылдық жолдар бойынша - 340 сынама алынды. 



«Біздің филиалда диагностикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Автомобиль жолдарын диагностикалаудың негізгі мақсаты ағымдағы жай-күйлер, параметрлердің сәйкестігі және пайдалану жағдайындағы талаптарға сипаттамалары туралы объективті ақпарат алу болып табылады. Негізгі міндеттер-жол құрылысын тексеру, бағалау, көлікті пайдалану және базаны қалыптастыру. Өткен жылы диагностикамен 1619 км жол зтексерілді, биыл - 699 км. Яғни, жыл соңына дейін біз өткен жылғы көрсеткіштен асамыз. Ведомстволық сараптама өткен жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойынша верификация жүргізіп және қорытынды берді, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 337-і бұйрығына сәйкес биылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бойынша да ведомстволық сараптама жүргізілетін болады», - деп толықтырды ол.



Алматы облысы бойынша филиалдың деректеріне сәйкес жыл басынан бері республикалық желі бойынша барлығы 238 нысан, жергілікті жолдар бойынша (облыстық, қалалық, аудандық) 146 нысан зерттелді. Аталған нысандар бойынша ақаулар анықталды. Мәселен, республикалық желі бойынша 305 ақау анықталды, оның 201 - і жойылды (66%), жұмыста-104 (34%). Жергілікті жолдарда 36 ақау анықталды. Тапсырыс берушіге ақауларды жою туралы ескерту мен тиісті хаттар жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі