ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Жигули Дайрабаев: Тариф орта жолдан қосылатын делд...

Жигули Дайрабаев: Тариф орта жолдан қосылатын делдал көптігінен қымбат

Сайлау-2023 13.11.2022, 12:17 1,072
Жигули Дайрабаев: Тариф орта жолдан қосылатын делдал көптігінен қымбат
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Алматы қаласына жақын жердегі Чапаев кенті маңындағы  жылыжайға барды. Төртінші буындағы заманауи жылыжай 5 гектар аумақта...

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Алматы қаласына жақын жердегі Чапаев кенті маңындағы  жылыжайға барды. Төртінші буындағы заманауи жылыжай 5 гектар аумақта орналасқан. 



«Eurasian Green Product» кәсіпорны «Ауыл» партиясынан сайланған мәслихат депутаты Жандос Тұрсынғалиевтің ұсынысы және  Аграрлық несие корпорациясы қолдауымен құрылған. Жоба таза экспортқа бағытталған. Ресейге қызанақтың түрін шығарады. Өнімдер аталған елде үлкен сұранысқа ие. Жоба тиімді болғандықтан кәсіпорын аумағын кеңейтуге мүдделі.  Бірақ мәселені шешуге электр қуаты бағасының өте қымбаттығы мүмкіндік берер  емес. Қазір бұрынғыдай түнгі-күндізгі тариф жоқ. Бәріне бір баға. Қыстыгүні  іске асырылатын жасанды күн сәулесіне  орасан көлемде электр қуаты тұтынылады. Жасанды жарыққа бір жылда 300 миллион теңге қаражат жұмсалады екен.                                                                                                         



«Біз экспортты дамытқымыз келсе бұған жол бермеуіміз керек. «Eurasian Green Product» кәсіпорны электр қуатын ең төменгі мөлшерлеме, тариф бойынша алуы тиіс. Тариф неліктен қымбат? Себебі орта жолдан қосылған делдал көп. Кеңседен басқа ештеңесі жоқ олар электр қуатын өндіретін компаниялардан қуат сатып алып, үстеме баға қосып сатады. Мұндай жағдайда мынадай кәсіпорындарды, экспортты дамыту мүмкін емес. Егер біз жалпы экспортты, қайта өңдеуді дамытқымыз келсе мынадай заманауи жылыжайларға, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, тарифтерді төлеуде белгілі бір қиындықтарға тап болатын өндірістік нысандарғажалпы тарифтер бойынша ең жақсы жағдай жасауымыз керек», - деді кандидат.



Кездесу соңында жылыжай кешенінің қызметкерлері кандидаттың алдағы істеріне табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.