ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Жигули Дайрабаев: Ауыл мәселесін шешпей, алға жылж...

Жигули Дайрабаев: Ауыл мәселесін шешпей, алға жылжу мүмкін емес

Сайлау-2023 15.11.2022, 16:00 967
Жигули Дайрабаев: Ауыл мәселесін шешпей, алға жылжу мүмкін емес
Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың  үгіт-насихат жұмыстары Атырау облысында жалғасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың  үгіт-насихат жұмыстары Атырау облысында жалғасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Сапар барысында кандидат Атырау қаласы маңындағы Махамбет ауданына қарасты жол бойында салынып жатқан жылыжайлардың құрылыс жұмысымен танысты. Аталған кешен 5,6 гектар аумақта заманауи технологияға сәйкес салынып жатыр. Жылыжай жоспар бойынша пайдалануға 2023 жылдың көктемінде беріліп, Атырау қаласы тұрғындарын қызанақпен қамтамасыз ететін болады. Кешенде жаңбырлатып суару жүйесі қарастырылған. Кандидаттың пікірінше жауын-шашын сирек түсетін, күн шуағы мол мұндай өңірге жылыжайлар өте қажет. Үкімет мұндай шаруашылықтарға жол салу, су, электр желілерін тартып беру сияқты барынша қолдау көрсетуі тиіс. Жалпы құны 8 млрд тұратын жоба қаржысының бір бөлігі банкіден алынғанын естіген кандидат едәуір қынжылыс білдірді. 
 
«Бәйтерек» холдингі, Аграрлық несие корпорация сияқты квазимемлекеттік қаржы институттары тұрғанда шаруалар неліктен банкке жүгінеді? Бұл елімізде аграрлық саясаттың дұрыс жолға қойылмағанын көрсетсе керек. Қожалықтар қолға алған жобаларының бойына қан жүгіртетін қаражат табудың шешімі осындай болғандықтан бұған да көнуге мәжбүр», –  деді Ж. Дайрабаев.  



Кандидат жылыжайдан кейін халықты бірнеше жылдан бері ешкі сүтімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылық – Махамбет ауданының Сарайшық ауылындағы заманауи ешкі фермасына барды. Ферманы құрушы –
Қазақстанның Еңбек Ері – Розыметов Владимир Федорович. Ол шаруашылықты 10-15 жыл бұрын сатып алып, қайта құрылымдап, бүгінде үлкен кешенге айналдырып отыр.   



«Бұл еңбек адамының нәтижелі жұмысының арқасы. Оған мемлекеттік жоғары марапаттың берілуі еңбек адамының бағалануы. Осындай адамдардың төккен тері мемлекет тарапынан ескеріліп, құрметтеліп отырса халықтың ауыл шаруашылығына, агробизнеске деген ынтасы артады», – деді кандидат.        



Ешкі фермасы заманауи технология арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізген. Десек те, мұнда мал азығының базасы жұтаң. Жайық өзенінде бұрынғыдай мол су жоқ. Ол жыл өткен сайын тартылуда. Су жеткіліксіз. 



«Мәселені түбегейлі шешпей іс алға баспайды. Бір әттеңі, қазір Қазақстанда су мамандары тіптен қалмаған. Жауапты ведомстваларды істейтін мамандардың су саласында тәжірибесі жоқ. Бұл өндірістің қыр-сырын білмейді. Сондықтан трансшекаралық сулар бойынша келіссөздер жүргізгенде көбіне ұтылып жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру қажет. Атырау өңірінде Жайықтан бөлек жерасты су мол. Оны геологиялық зерттеулер растап отыр. Осы жерасты суларын дұрыс пайдалануды қолға алу керек», – деді Ж. Дайрабаев. 



 Облыс тұрғындары кандидаттың бастамалары мен сайлауалды бағдарламасын тыңдады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.