ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / ЖИ трансформациясының қауіптері мен келешегі талқы...

ЖИ трансформациясының қауіптері мен келешегі талқыланды 

Мұны білген жөн 18.11.2025, 14:37 223
ЖИ трансформациясының қауіптері мен келешегі талқыланды 
facebook.com/Naziya Zhoyamergenkızı
Алматыда өткен "Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер" атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер Медиа форумының панельдік сессиясында жасанды интеллект пен...

Алматыда өткен "Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер" атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер Медиа форумының панельдік сессиясында жасанды интеллект пен медиа саласының даму бағыттары жан-жақты талқыланды.

Осы саладағы сарапшы маман Мейіржан Әуелханұлы өз сөзінде Мемлекет басшысы кеше ғана "Жасанды интеллектіні дамыту туралы" Заңға қол қойғанын атап өтіп, бұл құжаттың еліміздегі цифрлық дәуірдің жаңа кезеңін бастап бергенін жеткізді. Ол Түркітілдес журналистер қорының осы тақырыпты қоғамда кеңінен талқыланбай тұрған кезеңнің өзінде бірнеше жыл бойы семинарлар мен форумдар өткізіп, осы саладағы алғашқы пікірталастарға жол ашқанын жеткізді. Жасанды интеллекттің бүгінде журналистер үшін өнімділікті арттыратын, мәліметтерді жедел талдайтын, контент сапасын көтеретін қуатты құралға айналғанын айтқан ол жаңа технологияның жаңа сұрақтар мен міндеттер тудыратынын, әсіресе этикалық нормалар, ақпараттық қауіпсіздік, дипфейктер мәселесі, журналистердің кәсіби рөлі сияқты бағыттарда ортақ жауапкершілік қажет екеніне тоқталды.

Сессия барысында сөз алған Қанат Есіркепов жасанды интеллекттің контент жасау процесіндегі практикалық тиімділігін нақты мысалдармен түсіндірді. Оның айтуынша, ЖИ журналистің жұмыс өнімділігін 30-40 пайызға дейін арттырып, редакциялық өңдеуге кететін уақытты едәуір қысқартады. ЖИ әсіресе деректерге негізделген жаңалықтарды, мәселен, қаржы есептерін, спорт нәтижелерін, ауа райы мәліметтерін бірден генерациялай алады. Ол ЖИ-аватарлар арқылы жеке контентті жаппай өндіру мүмкіндігін, N8N мен MAKE платформалары арқылы редакцияның ішкі процестерін толық автоматтандыруға болатынын көрсетті. Сонымен қатар кәсіби медиада кең қолданылып жатқан DeepL, Descript, ElevenLabs сияқты құралдар мен фактчекингке арналған жаңа технологияларды таныстырды. Спикер ЖИ-дің этикалық тәуекелдерін де назардан тыс қалдырмай, жалған ақпарат пен дипфейктердің күрт көбеюі медиаға деген сенімге қауіп төндіретінін түсіндірді. Сондай-ақ жасанды интеллект мамандарды алмастырмайтынын, бірақ жаңа технологияны қолданбаған мамандардың еңбек нарықта бәсекеге қабілетсіз қалуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен бірге Мадина Мансурова өз баяндамасында ЖИ агенттерінің архитектурасына тоқталды. Оның айтуынша, Agentic AI қағидаты қабылдау, жоспарлау және әрекет ету циклдары арқылы автономды жұмыс істейтін жүйе атап өтіп, ЖИ агенттерінің негізгі когнитивтік ядросы Үлкен тілдік модель екенін жеткізді. Бұл орайда ол жетекші халықаралық технокомпаниялардың агенттер экожүйесін жылдам дамытып жатқанын мысалға келтірді. 

2024-2026 жылдарға арналған "Қазақ тілін және технологиялық прогресті қолдау үшін үлкен тілдік модель құру" жөніндегі нысаналы бағдарламаны таныстырған сарапшы бұл жобаның қазақ тіліндегі заманауи ЖИ моделін әзірлеуге бағытталғанын жеткізді. KazLLM үшін 150 миллиардтан астам токен жиналғанын, деректер базасында қазақ тіліндегі сапалы контенттің басымдығын, ҚазҰУ кітапханасының 8000-нан астам кітабы цифрландырылған. Техникалық тұрғыда ReAct архитектурасы, NVIDIA DGX H200 және NVIDIA L40 секілді қуатты инфрақұрылым қолданылады. Оның сөзінше, бұл жобаның алғашқы нәтижелері күрделі тапсырмаларды, мысалы, газет материалдарын құрылымдық форматқа автоматты түрде бөліп шығуды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сессия барысында сарапылар жасанды интеллекттің медиа саласына тигізер ықпалының зор екенін, контент өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік ашатынын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.