ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / ЖИ-дің жалған видеолары желіні жаулады: маман келе...

ЖИ-дің жалған видеолары желіні жаулады: маман келешекте халықты қандай қауіп күтіп тұрғанын айтты

Білім және ғылым 23.10.2025, 18:24 677
ЖИ-дің жалған видеолары желіні жаулады: маман келешекте халықты қандай қауіп күтіп тұрғанын айтты
сурет: ЖИ алынды
Sora арқылы жасалған жалған видеолар, Deepfake арқылы тараған “сенсациялар” – қазіргі интернет кеңістігінің жаңа шындығы.Бүгін біз NOVAHUB GROUP компаниялар тобының негізін қалаушы, ІТ маманы...

Әлеуметтік желіде ЖИ арқылы жасалған видеолар қаптады. Олардың шынға ұқсайтыны сонша жұрттың үрейін туғызып, үлкен буын тіпті сеніп те қалып жатыр. Аqshamnews.kz тілшісі маманмен тілдесіп, ЖИ жаулаған келешектен не күтуге болатынын сөз етті. 

"ЖИ мен шын видеоны ажырата алмайтын халге жеттік"

TikTok-та жасанды интеллект арқылы жасалған түрлі видеолар қаптап кетті. Көпшілік олардың шын не өтірік екенін ажыра алмай жатқандарын бөлісіп жатыр.

Мұндай бейнелерден бөлек жалған спорт түрлерімен жарысқа түсіп жатқан қазақстандықтардың да видеосын көрген боларсыз. "Ыдыс жуудан чемпионат", "ұрысудан жарыс", тіпті "несие алудан жарыс" деген түрлі атаулармен deepfake-тер (бұл шынайы емес фото, бейне немесе аудио материал - еск.) тарады. 

 

Қанат Исраилов

NOVAHUB GROUP компаниялар тобының негізін қалаушы, ІТ маманы

“ЖИ – екі жүзді қылыш: пайдасы мен қаупі қатар жүреді”

ІТ маман Қанат Исраиловтың айтуынша, ЖИ видеоларынан жапа шегу – технологияның тым жылдам дамып, қоғамның оны қабылдау қарқынының баяулауынан туындаған табиғи жағдай.

“ЖИ – екі жүзді қылыш. Бір жағынан, ол бизнес, медицина, ғылым салаларында үлкен серпіліс әкеледі. Бірақ екінші жағынан, deepfake видеолар әлеуметтік тұрақтылықты бұзып, қоғамдағы сенімді азайтуы мүмкін. Ең қауіптісі – адамдардың шынайы мен жалғанды ажырата алмауы”, – дейді маман.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу тек технологиямен емес, цифрлық сауаттылық пен заңнамалық реттеумен қатар жүруге тиіс.

“ЖИ мамандықты емес, дайын емес маманды ығыстырады”

Жасанды интеллект адамдардың жұмысын тартып ала ма? Бұл - көпшілікті мазалайтын сұрақ. Қанат Исраилов бұл пікірмен келіспейді, бірақ мамандықтардың сипаты түбегейлі өзгеретінін айтады.

“Алдағы 3-5 жылда ЖИ қарапайым тапсырмаларды орындайды: мәтін жазу, кодтың бір бөлігін жазу, қарапайым дизайн жасау. Бірақ бұл жойылу емес, трансформация. ЖИ-ді меңгерген маман оны қолдана алмайтын 3-4 адамның орнын баса алады. ЖИ мамандарды ығыстырмайды, оны пайдалана білмейтіндерді ғана жұмыссыз қалдырады”, - дейді ол. 

10 жылдан кейін, оның болжауынша, тек адамдық қасиеттерді талап ететін мамандықтар өз орнында қалады: басқару, психология, өнер, келіссөз жүргізу сияқты бағыттар.

Deepfake видеоны қалай тануға болады?

Желіні толтырған жалған видеолардан қорғанудың ең тиімді жолы – сақ болу және ақпаратты тексеру.
Қанат Исраилов Deepfake-ті анықтаудың үш қарапайым тәсілін ұсынады:

  1. Бет пен көз қозғалысына назар аударыңыз.
    Көздің жыпылықтауы, еріннің дыбыспен сәйкестігі – ең жиі қателесетін тұстар.

  2. Жарық пен фон сәйкестігіне мән беріңіз.
    Егер адам мен артқы фонның жарығы бір-біріне сәйкес келмесе, видео жасанды болуы ықтимал.

  3. Эмоцияға берілмеңіз.
    Кез келген бейне сізді ашуландырып, қорқытып немесе қуантса, бір сәт тоқтап, “бұл рас па?” деген сұрақ қойыңыз. 

“Deepfake-тің ең үлкен қаруы – эмоция. Эмоцияға берілмесеңіз, сізді алдау қиын”, – дейді маман.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.