ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Жез киік, біздің жаққа қалай келдің?..

Жез киік, біздің жаққа қалай келдің?..

Карикатура сөйлесін! 23.10.2023, 04:27 6,031
Жез киік, біздің жаққа қалай келдің?..
Суретті салған - Ғалым Смағұл
Жез қанат, күміс бауыр киік көрдімДәруі сол ма дерсің күйік-шердіңЖез марал жүреді екен арасындаҚаптаған Бетпақтағы киіктердің Жез киік, біздің жаққа қалай келдін?Жолымды тіке кесіп, жанай...


Жез киік


Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім
Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің
Жез марал жүреді екен арасында
Қаптаған Бетпақтағы киіктердің


Жез киік, біздің жаққа қалай келдін?
Жолымды тіке кесіп, жанай бердің
Адамның көздеріндей екі көзің
Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім?


Дәл саған құрмап еді торды ешкім
Ғайыптан душар болдың, сорды кештің
Мен-дағы сертшіл адам далады өскен
Сен-дағы жалтармадың, жолды кестің


Асықпа, көрейінші жөндеп қана
Кетпесін жаңа тиген мендеп жара
Ет кесіп өз етімнен берсем -дағы
Жөніңе жіберейін емдеп қана


Дедім де қоя бердім, ұстамадым
Қасымда қал демедім, қыстамадым
Тілеймін суық жақтан есен қайтып
Жылықұм мекеніне қыстағанын


Түс тербеп, жаздың мөлдір қысқа таңы
Тұзақтап жез киікті ұстатамын
Баяғы қызыл ішік киген қызға
Жез камзол сол киікті ұқсатамын


Құмарым қайта көріп қанар ма екен?
Әл бітіп, салқын жүрек жанар ма екен?
Болмаса, суық қолды бір сұр мерген
Дәл көздеп әлде атып алар ма екен?


Сұлуды адам жаны қимайды екен
Беймезгіл еске түсіп қинайды екен
Жез киік, сені аңсаған кездерімде
Бір өзім кең далаға сымай кетем.


К.Салықов



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.