AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жетісу облысы 40 жедел жәрдем көлігімен толықты

Жетісу облысы 40 жедел жәрдем көлігімен толықты

Медицина 10.11.2022, 13:33 2,275
Жетісу облысы  40 жедел жәрдем көлігімен толықты
Сурет: Inbusiness.kz

Жетісу облысының денсаулық сақтау саласы 40 жедел жәрдем көлігімен толықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. 





Талдықорғанда көліктердің кілтін беру рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Джансенгіров қатысты.


«Биыл облыста денсаулық сақтау саласына 1,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Соның едәуір бөлігі материалдық базаны жақсартуға бағытталып отыр.


Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл облыстың 6 ауданының ауылдарында 12 блок-модульдік медициналық кешен орнатылады.


Екі жылда мұндай нысандар тағы 40 ауылда салынады.


2023 жылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңір ауылдарында тағы 59 нысанның құрылысы жоспарланған (15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медпункт).


Медицина мекемелерін салу мен оларды күрделі жөндеу, заманауи құрал-жабдықтармен қамту жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында бізге нақты тапсырма берді.


Соған байланысты облыста медицина саласында құрылыс қарқынды жалғасады.


Бізде, әсіресе ауылдық жерлерде жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі байқалады.


Жедел жәрдем қызметкерлері – науқастарға бірінші кезекте шұғыл көмек беретін негізгі бригада.


Сондықтан оның тиісті санитарлық көліктермен қамтамасыз етілуі аса маңызды.



«Соған орай 13 санитарлық автокөлік сатып алынып, аудандарға беріледі (8 берілді, 5-еуі қаңтарда беріледі). Өткен жылы жедел жәрдем автопаркі санитарлық көліктің кілтін тапсырғалы тұрмыз. Бұл жедел жәрдем автокөліктер алғашқы медициналық көмекке қажетті барлық құралдармен жабдықталған», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.



Өңір басшысының сөзінше, облыстағы жедел жәрдем стансасының санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100%-ға жетті.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #Жедел жәрдем #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);