ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жетісу ауданының үш шағынауданында медициналық мек...

Жетісу ауданының үш шағынауданында медициналық мекемелер салынуда

Медицина 03.12.2021, 11:14 1,378
Жетісу ауданының үш шағынауданында медициналық мекемелер салынуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Аудан әкімі Гүлнар Көкебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудандағы мектептер, балабақшалар мен медициналық ұйымдардың құрылысы туралы айтып берді.

Аудан әкімі Гүлнар Көкебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудандағы мектептер, балабақшалар мен медициналық ұйымдардың құрылысы туралы айтып берді.


Спикердің айтуынша, ауданда «Шетсіз қала» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Басқаша айтқанда, әр шағынауданда білім беру, медицина нысандары, белсенді демалыс орындары болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сондықтан "Кемел", "Айнабұлақ" және "Құлагер" шағынаудандарында бірден үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды. Аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 1-ші және 2-ші тоқсандары. Оларға кіру тегін болады.


Бұдан басқа, келер жылы "Кемел" шағын ауданында 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады. Ал биылғы жылдың соңына дейін №11 емханада сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.


Сондай-ақ, әкім "Құлагер" шағынауданында және "Саяхат" автовокзалының жеке секторы аумағында емханалар мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, "Құлагердегі" емхана алаңы бойынша сәйкес келмейді, ал "Саяхат" аумағында ол мүлдем болмаған. Аудан әкімдігі Сидоркин көшесі, 14-те ауданы 1 647 шаршы метр екі қабатты ғимаратты және Омаров көшесіндегі ауданы 1 967 шаршы метр үш қабатты ғимаратты сатып алды.Кейін бұл орындарда емхана ашу жоспарлануда.



«Биыл №57 мектепке 300 орынды және №102 мектепке 150 орынды қосалқы нысан құрылыстары аяқталды, сонымен қатар екі мектепте де жаңа акт залдары салынды. 600 орынды №177 мектепке қосалқы нысан мен №43 мектепте асхана құрылысы аяқталуда», - деді Гүлнар Көкебаева.



№129 мектепте сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу, сондай-ақ «Жұмысшы кенті» елді мекенінде 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы бойынша 8 үйдің орнына 7 үйдің құрылысы жалғасуда.


Бұдан басқа, аудан әкімдігі "Айнабұлақ-4" шағынауданында 160 орынды балабақша, №148 (300 орын), 103 (250 орын), 112 (300 орын), 850 орынды қосымша құрылыстар салуды және №101 мектепке акт залын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Жұмысшы кентінде» ауысымына 100 келушіге арналған емхана құрылысына ЖСҚ әзірлеу басталды.


Гүлнар Көкебаева келесі жылы қолға алынатын "Көкмайса" шағынауданындағы Есентай өзені жағалауының құрылысы туралы хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.