ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады

Жетісу ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады

Әлеумет 13.02.2025, 10:09 955
Жетісу ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады
Алматы қаласы әкімдігі
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары туралы айтты.

Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары туралы айтты. 

Қала басшысының мәлімдеуінше, аудан халқының өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында мектептер мен балабақшаларды салу және реконструкциялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 

Айта кетейік, бүгінде ауданда 3,3 мың оқушы орны жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қыркүйегінде №103 мектепке 200 орындық қосымша ғимарат салынды. 

 

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінде 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ашылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», – деді Ерболат Досаев. 

Бұған қоса, №43 мектепке 280 орындық қосымша ғимарат салу үшін 2024 жылдың шілде айында ЖСҚ әзірлеу басталды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алған соң биыл тамызда құрылыс жұмыстары басталады. Нысанды 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. 

№112 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары бұған дейін «SheberBuild» ЖШС-ның келісімшарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты тоқтатылған болатын. 2024 жылдың наурызында жаңа мердігер анықталып, құрылыс қайта жалғасады. Қосымша құрылысты аяқтау жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоспарлануда.

Қосымша ғимарат құрылысы аяқталғаннан кейін негізгі мектеп ғимаратын реконструкциялау жұмыстары басталады.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында Алматы мектептерін бір ауысымды оқу жүйесіне көшіру жалғасуда. Келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымды оқыту жүйесіне (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін) көшеді.

Мектеп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Былтыр 89 мектепке 168 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды, бұл заманауи жабдықталған кабинеттердің үлесін 86,3%-ға дейін арттырды.

Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайту үшін былтыр Айнабұлақ шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша ашылды. Осы жылдың тамызында №163 балабақша ғимаратын 380 орынға қайта жаңарту және Ратушный көшесі, 139 мекенжайындағы 280 орындық балабақша үшін сатып алынған ғимаратты реконструкциялау жұмыстары басталады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.