AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жетісу арулары жаңа кәсіп ашуда белсенділік таныту...

Жетісу арулары жаңа кәсіп ашуда белсенділік танытуда

Өмір-өзен 15.07.2021, 16:30 2,382
Жетісу арулары жаңа кәсіп ашуда белсенділік танытуда
Сурет: Gov.kz

Алматы облысында түрлі бағдарламаларды іске асырудың арқасында үш мыңға жуық жұмыс орны ашылған.


Алматы облысының арулары мемлекеттік бағдарламалар көмегінің арқасында жеке істерін дөңгеленте бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ұйғыр ауданының тұрғыны Юлдуз Тураева тоқыма бұйымдарын өндірумен айналысса, текелілік Гүлдана Өміртайқызы кофейня ашып, игілігін көре бастады. Екеуі де нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасына сәйкес «Бастау Бизнес» оқыту жобасына қатысып, грантқа ие болғандар», - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



Юлдуз Тураеваның айтуынша, оның әу бастан ісмерлікке қабілеті мен қызығушылығы ерекше болған. Сондықтан ол осы бағытта жеке бизнесін ашуды жөн көрген. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгініп, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып шыққан. Кейін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 500 мың теңге көлемінде грантқа ие болып, бұл қаржыға қажетті тігін машиналарын сатып алған, сөйтіп, өз цехын ашқан. Бұл істен өзі ғана пайда тауып отырған жоқ, сонымен қатар жергілікті жеті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.


Ал Текелі қалалық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жас кәсіпкер Гүлдана Өміртайқызы мемлекеттік грант есебінен кофейня ашқан. Оның бұл бастамасына «Бизнес Бастау» арқылы оқуы үлкен сеп болды. Үш баланың анасы Гүлдана «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында 2 млн теңге грантқа ие болып, қоғамдық тамақтандыру орталығын ашуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қаланың орталығында орналасқан MELISSA кофейнясында қазір 3 адам жұмыс істейді. Онда кофе және басқа да сусындардан бөлек, кондитерлік өнімдер де пісіріледі. 


Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов тек биылдың өзінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 73 адам аяқтағанын айтады. 


Ресми мәліметтер бойынша, жалпы, биылғы жылы Алматы облысында «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары және «Жетісу» өңірлік бағдарламасы шеңберіндегі қаржы көлемі 23 млрд теңгеге жеткізілген. Бірінші жартыжылдықта жалпы сомасы 7,5 млрд теңгелік 990 жоба қаржыландырылып, 2750 тұрақты жұмыс орны ашылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пожар #Полиция Алматы #многодетная семья #бизнес #Алматы облысы #Жетісу #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);