ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Жетінші қабат терезесіндегі баланы құтқарған жасөс...

Жетінші қабат терезесіндегі баланы құтқарған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді

Оқиға 14.07.2022, 14:00 927
Жетінші қабат терезесіндегі баланы құтқарған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді
сурет: Inform.kz
Жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне батыр жігіт Есдәулет Дәуітбековтің...


Жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне батыр жігіт Есдәулет Дәуітбековтің өзі мәлім еткен.



«Бізді бүгін G-Park компаниясы шақырды. 3 бөлмелі пәтер берді. Ертеңнен бастап құжаттарды рәсімдейміз деді. Ал, біздің дәл қазіргі тұрып жатқан үйімізді ипотекаға алғанбыз», - деді Есдәулет Дәуітбеков. 



Сонымен қатар, Есдәулет оқиғаның мән-жайын өзі толық баяндап берді. 



«Мен аулада футбол ойнап жүргенмін. Көршілердің барлығы жинала бастады. Мен де барып мән-жайды білмек болдым. Сөйтсем, кішкентай бала терезенің алдында тұр екен. Терезеге маскеттік тор тағылған. Ол үзілуге сәл қалыпты. Кейін мен 7-қабатқа көтеріліп, бала тұрған үйдің есігін қақтым. Үйде үлкендерден ешкім болмады. Сосын пәтер иесенің рұқсатымен көрші үйдің балконынан шығып, баланы аман сақтап қалдым деп айта аламын. Бүлдіршін шамамен 3 жаста. Үйге кіргенде пәтерде тағы да үш бала бар екен. Анасы дүкенге кеткен. Мен балалардың анасы келгенге дейін бүлдіршіндермен бірге болдым. Көршілер полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырды. Олар бір сағаттан кейін ғана келді. Ал, бала өлім мен өмір арасында тұр ғой. Сол бір сағаттың ішінде не болатынын бір Құдай біледі. Сондықтан, оған дейін қарап тұра алмадым», - деді ол. 



Батыр жігіт бұл әрекетін марапат алу үшін жасамағанын жеткізді. Дегенмен, оны елеп-ескерген қала тұрғындары мен лайықты құрмет көрсетіп жатқан жандарға алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.