Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жерің болса жақсы...

Жерің болса жақсы...

Әлеумет 09.03.2023, 16:35 1,288
Жерің болса жақсы...
Сурет:  Almaty.tv

Алматы облысы бойынша пайдаланылмай жатқан 2 миллион гектарға жуық жер анықталған.


«Атажұрттан жер бұйырмады». Алматы облысының Тескенсу ауылындағы мал баққан шаруалар жайылымға жарымай отыр. Ал халық қолданысына берілген жазыққа жұрттың төрт түлігі сыймайтын көрінеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz   Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Тескенсу ауылындағы халықтың дені ауыл шаруашылығымен айналысады. Күнкөріс күніне айналған шаруаны дамытып, мал басын көбейткісі келгенмен, жер жетпейді. Себебі ауыл төңірегіндегі жазықтың көп бөлігін кезінде кәсіпкерлер алып алған көрінеді.



«8,5 мың тұрғыны бар ауылда 6 мың бас қой, 2700 бастай ірі мүйізді қара, 1500 бастай жылқы тіркелген. Жер жоқ, қайда жаямыз? Әркімге жалынамыз. Жерді алып алған латифундистерге төрт түлікті жаю үшін қой, жылқы беріп, күн көріп жүрміз», – деді Тескенсу ауылының тұрғыны Асқар Сейсенқұлов.



Тіпті халықты қорқытып отырғандар да табылады екен.



Егін орып болғаннан кейін осы жерге жайып жатырмыз. 5-10 күннен кейін бұл жерге де өте алмаймыз. Халықтың малын қайда апарамын? Былтыр маған: «Бұл жерге өтуге болмайды. Жекеменшік жер. Бұл кісілердің беретін өз адамы бар. Тиісті адамға хабарласамын. Көзіңді құртып жібереді» деген кездер де болды.  Қорқып та қалдым», – деді малшы Абай Қасқаров.



Жергілікті әкімдік өкілінің айтуынша, ауыл маңындағы 1000 гектардан аса аумақты 2000 жылдың басында 3 компания ауданның жер қорынан 49 жылға жалға алған. 2 кәсіпкер жазыққа жүгері егіп, егістік мақсатында әлі де пайдаланып жүрген көрінеді.



«Агроюнион» ЖШС 250 га жер телімін алған. Оның нысаналы мақсаты – жайылым. Қазіргі таңда облыстық жер басқармасына жіберілді. Жер инспекциясы «жерді қайтару» бойынша сотқа беру жұмысын жүргізіп жатыр», – деді Тескенсу ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Елубай.



Ал прокуратура дерегінше, облыс бойынша пайдаланылмай жатқан 2 миллион гектарға жуық жер анықталған. Бүгінде соның 114 мыңы қайтарылыпты. 1,5 мың гектардай жер телімі Тескенсу ауылдық округінің қоғамдық жайылымы ретінде рәсімделген. Алайда елдімекеннің өзіндегі жұрт берілген жазық ауылдан алыс жатқанын айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал #жайылым #Жер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.