ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Жердегі көлік кептелісі былай тұрсын, аспанда да к...

Жердегі көлік кептелісі былай тұрсын, аспанда да кептеліс туындайтын түрі бар

Әлем 05.02.2025, 11:18 571
Жердегі көлік кептелісі былай тұрсын, аспанда да кептеліс туындайтын түрі бар
Сурет: Astanatv.kz
Алдағы жылдары АҚШ-тың ғарыш айлақтарында кептеліс болуы мүмкін.

Алдағы жылдары АҚШ-тың ғарыш айлақтарында кептеліс болуы мүмкін.

Бұл тұжырымды The Wall Street Journal басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Былтыр АҚШ ғарышқа 145 зымыран ұшырды. Бұл – бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы мен НАСА ғарышқа көбірек жерсерігі мен жүк жіберуге ниетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жалпы АҚШ-та 14 ғарыш айлағы бар. Бірақ компаниялар 3 ғарыш айлағын жиі пайдаланады. Олардың екеуі Флорида, біреуі Калифорния штатында. Алайда олардың ұшу кестесі қазірдің өзінде бірнеше жылға толып қалған.

Джонатан Макдауэлл, астрофизик (АҚШ):

- Ғарышқа зымыран ұшыру былтыр күрт көбейді. 2024 жылы АҚШ орбитаға 145 зымыран ұшырды. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Мамандар мұның өзі көп дейді. Ал келешекте ұшырылатын зымыран саны еселеп артпақ. Оның ішінде SpaceX-тің қарқыны қатты.

Джордж Нилд, Commercial Space Technologies компаниясының президенті (АҚШ):

- Қолайсыз күн райы немесе ғарыш айлағындағы апат біздің жұмысымызды айлап, тіпті жылдап тоқтатып қоюы мүмкін. Бұл үлкен мәселеге айналады. Өйткені бүгінде біз ғарышқа қатты тәуелдіміз. Ғарыш ісін тоқтатып қою – қауіпті стратегия. Аляска штатына қарасты Кодьяк аралындағы тағы бір ғарыш айлағы жылына тек 3 зымыран ұшырып келген. Қазір санын 25-ке дейін көбейтуге әрекеттеніп жатыр. Ол оңай шаруа емес. Ресми рұқсат керек. Осылайша, АҚШ келешектегі кептеліс мәселесін қазірден шешуге тырысып әлек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.