ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жер беру құзыретін әкімдіктен алып тастау керек!

Жер беру құзыретін әкімдіктен алып тастау керек!

Заң мен тəртіп 26.11.2023, 06:24 1,157
Жер беру құзыретін әкімдіктен алып тастау керек!
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Бұл депутат, «Ауыл» партиясының мүшесі Анас Баққожаевтың ұсынысы.

Бұл депутат, «Ауыл» партиясының мүшесі Анас Баққожаевтың ұсынысы.


Оның айтуынша, кей шаруа қожалығын, жерлерді әкімдер мен оларға жақын азаматтар иеленіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжіліс депутатының сөзіне сәйкес, шенеуніктер мен олигархтардың ауқымды жер, шаруашылық иеленуіне басқару құрылымы себеп болып отыр, жерді бөлу құзыреті бар жергілікті әкімдік заңсыз әрекеттерге барады.



«Жер конкурсын өткізу жергілікті әкімдік құзырында. Мен оған қарсымын. Адам бар жерде адами фактор болады. Сондықтан кей шаруа қожалығын, жерлерді әкімдер мен оларға жақын азаматтардың иеленуі осыдан туындап отыр», - деді депутат.



Осы орайда ол мәселенің шешімі ретінде цифрландыру жұмысын енгізуді ұсынды.



«Қазір цифрландыру дамыған кезең. Барлық жер конкурсын электронды түрде өткізсе, оны әрбір қалаған адам ала алады», - деді Анас Баққожаев.



Сонымен қатар депутат пайдаланылмаған ауылшаруашылығы жерлерін қайтару мәселесін де атап өтті. Өйткені жерді тиімсіз пайдаланған азаматтарды анықтау барысында тиісті инспекция салғырттық танытып отырған көрінеді.


Үкімет азаматтарға жерді 49 жылға бергеннен кейін ол мерзім бітпей, жерді қайтарып ала алмайды. Олай етсе, азаматтардың конституциялық құқығы шектеледі. Сондықтан Үкімет берілген жер қаншалықты тиімді пайдаланылды, топырақ құнарлылығы сақталды ма, сол мәселелерді инспекция арқылы тексереді.



«Егер талапқа сай болмаса, дәлелдеп, сот арқылы жерді қайтару жолы бар. Алайда инспекция жұмысы салғырт жүріп жатыр», - деді депутат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.