ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Жеңістің 80 жылдығына арналған дрон-шоу: Алматы ас...

Жеңістің 80 жылдығына арналған дрон-шоу: Алматы аспанында Ұлы Отан соғысы батырларының бейнесі көрсетіледі

Алматы 07.05.2025, 16:51 839
Жеңістің 80 жылдығына арналған дрон-шоу: Алматы аспанында Ұлы Отан соғысы батырларының бейнесі көрсетіледі
сурет: Алматы қаласының әкімдігінен
9 мамыр күні сағат 21:00-де Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше жарық шоуы ұсынылады – 500-ден астам дрон қатысатын ауқымды...

9 мамыр күні сағат 21:00-де Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше жарық шоуы ұсынылады – 500-ден астам дрон қатысатын ауқымды көрініс өтеді.

Көрсетілімнің басты ерекшелігі – соғыс жылдарында Қазақстанды даңққа бөлеген батырлардың бейнесі көрсетіледі. Алматы аспанында аты аңызға айналған қаһарман қыздар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының бейнесі жарық арқылы жанданады. Заманауи технологиялар мен жарық анимациясының көмегімен олардың ерлігі мен рухын жеткізетін көріністер арқылы елге таныстырылады.

Дрон-шоу барысында еске алудың белгісі ретінде тырналар да көрсетіледі. Ал шоудың соңында қазақтың ою-өрнегі аясында «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазу пайда болады.

Бұл заманауи визуалды шоу – батырларға тағзым ғана емес, соғыс туралы жаңа, қолжетімді, әсерлі әрі есте қаларлық баяндау түрі. Ол тарихи жадымызды сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын еске салады.

Іс-шара демеушілердің қолдауымен барлық қауіпсіздік талап сақтала отырып ұйымдастырылады.

_Анықтама:_ Ұйымдастырушылар дрон-шоуды тамашалауға арналған бірнеше ыңғайлы алаң дайындады. Басты орындар: Абай алаңы, «Қазақстан» қонақ үйінің маңы, Caspian University жанындағы орын және Абай даңғылы бойындағы аумақтар – Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін.

Іс-шараны дайындау және өткізуге байланысты 9 мамыр күні сағат 18:00-ден 21:30-ға дейін қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ, Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында жол жабылады.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын бағытты алдын ала жоспарлауға және уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.