ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жемқорлық туралы хабарлағандарға 22 млн аса сыйақы...

Жемқорлық туралы хабарлағандарға 22 млн аса сыйақы төленді

Заң мен тəртіп 04.04.2024, 06:58 773
Жемқорлық туралы хабарлағандарға 22 млн аса сыйақы төленді
almaty-akshamy.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығына 2023 жылы 27 752 қоңырау түскен. Оның 6 708-і ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне жатады. Агенттік осылай...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығына 2023 жылы 27 752 қоңырау түскен. Оның 6 708-і ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне жатады. Агенттік осылай ресми жауап берді.


Ал 2024 жылдың алғашқы екі айында 5 274 хабарлама түссе, соның 1 039-ы ғана Антикордың құзырына жататын болып шыққан. Барлық өтініш бойынша түсіндірмелер беріліп, мәселенің мәніне байланысты тиісті шаралар қабылданған.



Азаматтардың өтініштерінің сипаты көбіне құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерін қадағалауға, сонымен қатар, ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау салалары қызметкерлеріне, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты, – делінген ресми жауапта.



Агенттіктің хабарлауынша, 1424 Call-орталығына түсетін халықтың барлық мәселесін қызметкерлер жұмыс күнінің соңында өңдейді.



Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу жағы агенттік төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы №270 бұйрығымен бекітілген қағидаларда көзделген. Мәселен, 2023 жылы 73 адамға 22 416,3 мың теңге сыйақы төленсе, биыл әуелгі 2 айда 18 адам 2 786,3 мың теңгемен марапатталған.



Сонымен қатар, ел азаматтары жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарламаларын Е-Оtinish бірыңғай өңдеу платформасы, antikorkz_bot Telegram-арнасы арқылы немесе аумақтық департаменттерге жазбаша хабарлай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.