ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / «Желтоқсанның» ресми құжаттары кітап болып шықты

«Желтоқсанның» ресми құжаттары кітап болып шықты

Тәуелсіздік-30 14.12.2021, 14:21 1,538
«Желтоқсанның» ресми құжаттары кітап болып шықты
Сурет: Inform.kz
Жинақ Желтоқсан тақырыбын зерттеп жүрген ғалымдар мен кітапханаларға таратылмақ.

Жинақ Желтоқсан тақырыбын зерттеп жүрген ғалымдар мен кітапханаларға таратылмақ.


Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Желтоқсан. 1986. Декабрь. Документальная хроника» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  


Желтоқсан оқиғасына биыл 35 жыл толып отыр. Осыған орай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақ тілі» қоғамының президенті Берік Әбдіғалиұлының бастамасымен архив құжаттарына негізделген деректі жылнама жарық көрді.


Кітаптың тұсаукесеріне Мәжіліс депутаттары, тарихшылар мен қоғам қайреткерлері қатысты.



«Біздің буын Тәуелсіздік алған кезде 20 жаста едік. Яғни 1986 жылы Желтоқсан болып жатқанда біз 15-тегі бала болдық. Солардың арқасында жігерленіп, рухтанып өстік. Сондықтан Желтоқсан қаһармандары - біз үшін әрдайым батыр. Әрине, тағдыры әртүрлі болды. Өздері де сезеді құрбан болғанын. Қазір мақтан тұтып жүрген азаттығымыз да, сол азаттықпен бірге келген жетістіктеріміз де солардың арқасында орнады. Біз оларға жалпыұлттық лайықты саяси бағасын бере алмай жатырмыз. Арамызда жүрген тірі батырлар ғой бұлар. Қарапайым студент қыз-жігіттер жастық жігердің, ұлттық намыстың қандай болу керектігін бәрімізге көрсетіп кетті. Сондықтан Тәуелсіздік тойларында ең бірінші құрмет соларға көрсетілуі керек. Екіншіден, бұл тақырыптың өзі әлі зерттелген жоқ. Кітап шығарғандағы мақсатымыз осыны ғалымдар зерттесе екен деген ниет еді. Кітаптың ішінде қаншама тізім бар. Солардың бәрінің тағдырын тарих анықтаса деген ой», - деді бастама авторы Берік Әбдіғалиұлы.



Құнды жинақтың баспа шығындарына «Алтын қыран» қоғамдық қоры демеушілік еткен. 1000 данамен шыққан жинақ Желтоқсан тақырыбын зерттеп жүрген ғалымдар мен кітапханаларға таратылмақ.


Желтоқсан боздақтарына қатысты деректің бәрі сол кезде орыс тілінде жүргізілгендіктен, кітап та орыс тілінде жазылған. Жиынға қатысушылар бұл еңбектің Желтоқсан тақырыбын зерттеуге бет бұрған мамандарға таптырмас дереккөз болатынын айтты. Кітаптың ішіндегі QR-код арқылы осы тақырыптағы «Аллажар» филмін де көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.