ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Желіні шулатып, қазақтың "Атымтай Жомарты" атанған...

Желіні шулатып, қазақтың "Атымтай Жомарты" атанған Алагөзов туралы не белгілі?

Әлеумет 28.05.2025, 12:08 1,046
Желіні шулатып, қазақтың "Атымтай Жомарты" атанған Алагөзов туралы не белгілі?
Коллаж aqshamnews.kz
Екі күн бұрын Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлеріне пәтер сыйлап, жұрттың ықыласына бөленді. Жомарт кәсіпкердің бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап,...

Екі күн бұрын Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлеріне пәтер сыйлап, жұрттың ықыласына бөленді. Жомарт кәсіпкердің бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды. Аqshamnews.kz тілшісі Атымтай Жомарт атанған Алагөзовтің байлығына шолу жасады. 

Қызметкерлерге 100 пәтер сыйланды 

Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов ұзақ жыл бойы еңбек еткен 100 қызметкеріне пәтер тарту етті. Бұл азаматтардың 80 пайызы – қарапайым жұмысшылар. Олардың басым көпшілігі компанияда 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді.

"Бұл – аяқасты қабылданған шешім емес. Жылдар бойы біз бірге елге танымал өнім шығардық. Сіздерді қуантқым келді. Бұл – алғысымның белгісі. Кейбіреулер мұны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі дейді, мен үшін бұл – жүрек қалауы", – деді кәсіпкер пәтер кілтін табыстау рәсімінде.

Екі күн бұрын өткен кездесуде қызметкерлерге кілт, сертификат пен үйдің құжаты берілген.   

Барынан айырылған кәсіпкер бизнес-империясын қалай қайта құрды?

Кursiv.media мәліметінше, Тұрсынғали Алагөзов есімі көпшілікке 2016 жылы белгілі бола бастады. Бизнесмен сол жылы продюсер Баян Алагөзовамен (ол кезде Есентаева - еск.) некелесіп, отбасылық өмірі қоғам назарында жиі айтылды. Алайда кәсіпкерлік жолы сол кезеңнен кейін өрбіді.

Алагөзов кәсіпкерлікке ерте жастан бет бұрған. 1998 жылы негізін қалаған компаниясы бүгінде танымал сусындарымен белгілі. Бұл бизнесті ол алғашқы жұбайы Ляйсара Маратпен бірге бастаған. Алайда кейін ажырасқан соң, компанияға қатысты дау туып, сот процесі алты жылға созылған. Нәтижесінде кәсіпкер бизнесін уақытша жоғалтты.

2024 жылы ұзаққа созылған сот істерінен кейін компания қайтадан Алагөзовтың атына өтті. Қазір оның жылдық табысы 41 млрд теңге, 3000 адам еңбек ететін ірі кәсіпорын саналады.

2023 жылы кәсіпкер Шымкент сыра зауытын 8 млрд теңгеге сатып алды. 1970 жылы негізі қаланған бұл зауыт бұған дейін түрлі себептермен мемлекет меншігіне өткен болатын.

Ал 2024 жылы Алагөзов ұн өнімдерін шығаратын компанияны 11 млрд теңгеге иеленді.

Биыл Forbes Kazakhstan Алагөзовты Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкер қатарына (61-орын) енгізіп, дәулетін 130 млн доллар деп бағалады.

Кәсіпкер қазіргі жұбайы Баян Мақсатқызының әлеуметтік бастамаларына да қолдау көрсетеді. Соның бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арналған "Мама Клара" дағдарыс орталығы. Бұл орталықты қаржыландыру Тұрсынғали Алагөзовтың жеке демеушілігімен жүзеге асады.

Сонымен қатар, күні кеше өткен "Алтын ханым" жобасының жеңімпазына Алагөзов көлік сыйлады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.