AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Желідегі ұлтаралық қақтығыстар: қазақстандықтарға...

Желідегі ұлтаралық қақтығыстар: қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді

Заң мен тəртіп 13.08.2025, 18:14 758 Сұлу
Желідегі ұлтаралық қақтығыстар: қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді
Сурет: Polisia.kz

13 тамызда, Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықтың өршуі туралы маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтаралық келісімді бұзуға әкеп соғуы мүмкін кез келген әрекетке тыйым салады", - делінген хабарламада. 

Ұлтаралық араздық – қоғамдық тұрақтылық пен бірлікке төнетін ең қатерлі қауіптердің бірі.

Мұндай әрекеттердің салдары – жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік құрылымның бұзылуына, сондай-ақ этностар мен мәдени топтар арасындағы терең қайшылықтарға алып келуі мүмкін.

Аталған құқықбұзушылықтардың жасалу алаңы ретінде «Instagram», «TikTok», «Threads» сияқты әлеуметтік желілер танылып отыр. Бұл платформаларда әрбір қолданушыға пікір білдіру бостандығы берілген.

Алайда ұлтаралық араздықты қоздыратын пікірлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Атап айтқанда, бұл бап бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда – 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл әрекеттер экстремистік қылмыстар санатына жатады.

Мұндай құқықбұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар белсенді өкініш білдіруіне, жәбірленуші тараппен татуласуына, қылмыстық әрекеттің ескіру мерзімінің өтуіне немесе рақымшылық актісіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, құқық қорғау органдары тарапынан тұлғасы анықталғаннан кейін, кінәлі азаматтар өз іс-әрекетіне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда бұл олардың жауапкершілігін жоюға негіз болып табылмайды.

Осыған байланысты барлық азаматты заң талаптарын сақтауға, әрбір хабарламаға және айтылған сөздерге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Қоғамдағы бейбітшілік, тұрақтылық пен сенімді тек ортақ құқықтық мәдениет пен өзара құрмет арқылы ғана сақтап қалуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желі #ұлтараздық #прокуратура #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);