ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Желіде Шымкенттегі бірнеше мектепке "шабуыл жасала...

Желіде Шымкенттегі бірнеше мектепке "шабуыл жасалады" деген фейк тарады

Заң мен тəртіп 16.01.2026, 12:34 228
Желіде Шымкенттегі бірнеше мектепке "шабуыл жасалады" деген фейк тарады
depositphotos.com
Желіде Шымкенттегі бірнеше мектепке "шабуыл жасалады" деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Желіде Шымкенттегі бірнеше мектепке "шабуыл жасалады" деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

16 қаңтарда Telegram-арналар мен топтарда белгісіз адамдар қаладағы шамамен 25 мектеп, гимназия және лицейдің атауын атап, "сол жерлерге барамыз" деп қорқытқан жазбалар жариялаған. Эмоцияға толы бұл хабарламалар ата-аналар мен мұғалімдер арасында үрей туғызды.

Алайда қалалық білім басқармасы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, “баланың өміріне қауіп төніп тұр” деген хабарламалар шындыққа жанаспайды, қазіргі таңда қауіп төндіретін ешқандай оқиға тіркелмеген.

Басқарма мәліметінше, жағдай жауапты қызметтердің бақылауында. Жалған ақпарат жариялаған аккаунттар анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге тұрғындарға расталмаған, эмоцияға негізделген мәліметтің қоғамда орынсыз үрей туғызатынын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Қалалық полиция департаменті де мессенджерлерде тараған “мектептерде жаппай қылмыс болады” деген хабарламалардың фейк екенін растады. Құқық қорғау органдары тексеру шараларын бастап, қауіпсіздік режимін күшейткенін, жағдай толық бақылауда екенін хабарлады.

Сондай-ақ полицейлер қасақана жалған ақпарат тарату заң бойынша қылмыс екенін еске салды: мұндай әрекет үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ресми органдар тұрғындарды сабыр сақтап, тек сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуге үндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.