Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жексенбі күні Алматыда ең үлкен жүгіру жарысы өтед...

Жексенбі күні Алматыда ең үлкен жүгіру жарысы өтеді

Әлеумет 25.09.2023, 05:34 1,429
Жексенбі күні Алматыда ең үлкен жүгіру жарысы өтеді
Сурет: Almaty-marathon.kz

Алматы марафоны Орталық Азиядағы ең үлкен марафон болып есептеледі


Негізгі қашықтық - 42,2 шақырым. Жыл сайынғы дәстүрге айналған жүгіру жарысы биыл қазанның бірінде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өтетін орны: Республика алаңы, Сәтбаев көшесі


Қашықтықтары: 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, 10 шақырым скандинавиялық жүріс, Экиден эстафетасы.


Сөрелік жарна:



  • 42 шақырым – 12 000 KZT

  • 21 шақырым – 11 000 KZT

  • 10 шақырым – 9 700 KZT

  • 10 шақырым скандинавиялық жүріс – 9 700 KZT

  • Экиден эстафетасы (командада 6 адам) – 210 000 KZT


Қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды және қайта тіркелмейді.


Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі жыл сайынғы қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. 


Жас санаттары:


42 шақырым – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан жоғары,


21 шақырым – 18 жастан жоғары,        


10 шақырым – 15-17, 18 жастан жоғары, (35-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70+ MASTERS)


10 шақырым скандинавиялық жүріс – 15 жастан жоғары,


Экиден эстафетасы – 15 жастан жоғары.


42 шақырым және 21 шақырым қашықтықтарында абсолютті біріншіліктегі жеңімпаздар ақшалай сертификатпен, медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


42 шақырым, 10 шақырым қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Экиден эстафетасының жеңімпаздары ақшалай сертификатпен, грамотамен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Жарыстың мәреге жеткен барлық қатысушылары естелік медалін алады.


Сөрелік жинақтарды беру 2023 жылғы 29-30 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін өтеді, мекен-жайы: Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, "Атакент" КҚКО, павильон 9. Беру басталған жерде болмайды.


Жүгіру жарысына қатысқысы келетіндердің жеке куәліктеріңіздің көшірмесі және денсаулық туралы қолхаттарыңыз болуы тиіс.


Жинақтарыңызды алып кете алмайтын болсаңыздар, оны сіздердің орындарыңызға жеке куәліктеріңіздің көшірмесін, өз жеке куәлігінің көшірмесін және қатысушының өзі қол қойған денсаулық туралы қолхатты көрсету арқылы таныстарыңыз ала алады.


18 жасқа толмаған қатысушыларға жеке куәлігінің (туу туралы куәлігінің) көшірмесін, сондай-ақ ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесін және ата-анасы өз қолдарымен толтырған қолхатты ұсыну қажет.


«Алматы марафонының» ережелерімен толығырақ almaty-marathon.kz сайтынан танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон #Жүгіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.