ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жедел желі іске қосылды

Жедел желі іске қосылды

Заң мен тəртіп 30.11.2022, 06:14 912
Жедел желі іске қосылды
Сурет: Polisia.kz
“Наркостоп” жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен нашақорлар мен олардың жақындары үшін екі айдан бері тегін жұмыс істеп тұрған жедел желіні іске қосты.

“Наркостоп” жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен нашақорлар мен олардың жақындары үшін екі айдан бері тегін жұмыс істеп тұрған жедел желіні іске қосты.


(8-727) 339-51-99, WhatsАpp +7-747-461-67-01 нөмірлері бойынша аддиктолог мамандар ауру туралы егжей-тегжейлі әңгімелейді, кеңестер жүргізеді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда білікті психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Есірткіге тәуелділік ХХІ ғасырдың обасына айналды. Бұл тұрмысы жақсы отбасылардың ауруы деп аталады, өйткені 90-шы жылдардағы нашақорлықтан айырмашылығы, қазіргі синтетикалық нашақорлар негізінен тұрмысы жақсы отбасылардан шыққан және бұл мұндай нашақордың туыстары үшін күтпеген жайт болады. Емдеудің сәтті болуы көмектің қаншалықты дұрыс көрсетілуіне байланысты. Бірақ бұл тәуелділік салыстырмалы түрде жас және ол туралы ашық ақпарат көздерінде мәлімет аз болғандықтан, нашақорлардың туыстары уақыттарын жоғалтып алуы мүмкін», – дейді “Narkostop” жобасының үйлестірушісі Нұржан Жақыпов.



Спикердің айтуынша, жедел желі телефонына күніне 30-ға жуық қоңырау келіп түседі.



«Анонимділік шартымен көмек көрсетіледі. Біз нәтижеге қанағаттанамыз және қызметімізді тиімді деп санаймыз. Кейбір абоненттер операторлармен сөйлескеннен кейін емделу туралы шешім қабылдайды және біздің тегін көмек көрсету топтарына қатыса бастады. Туыстары қиын жағдайға тап болып, тәуелді болып қалған қала тұрғындарын бейжай қарамауға, уақытты босқа өткізбеуге шақырамын. Көмектесу мүмкіндігін өзіңіз іздеңіз немесе біздің телефондарымызға хабарласыңыз. Онда сізге білікті көмек көрсетіледі», – деді Нұржан Жақыпов.



Сонымен қатар, Полиция департаменті 8-705-549-70-25 жедел желі телефонын еске салды, онда азаматтар есірткі қылмыстары туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлай алады. Оның ішінде есірткі сайттарының трафареттік жарнамасы салынған орындар жайында хабарлауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.