Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

Әлеумет 22.12.2024, 14:08 837
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Фото: Ақмарал Әлназарованың Instagram парақшасынан

«Медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа жол берілмейді» – Денсаулық сақтау министрі Қостанайда фельдшерді ұру оқиғасына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова Анель Баймұрзинаның отбасына қолдау көрсетіп, бұл жағдай назардан тыс қалмайтынын айтты.

«Жақында Қостанайда жедел жәрдем қызметінің фельдшерлеріне жасалған шабуылдың тағы бір сорақы фактісіне тап болдық. Шақыруға барған жас маман ауыр жарақаттар алып, өзі ауруханаға түсті», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

2019 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару барысында 158 медицина қызметкері зардап шеккен. Оның ішінде 46 оқиға 2022 жылы, 80 оқиға 2023 жылы, ал биыл 9 шабуыл тіркелген.

 

Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем қызметінің мамандары күнделікті қиын жағдайларда көмек көрсететінін еске салды.

 

Осы себепті министрлік депутаттардың қолдауымен медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынғанын атап өтті.

«Мұндай қылмыстар әділ жазаға тартылуы тиіс, соның ішінде бостандықты шектеу мен қоғамның айыптауы қарастырылуы керек. Біз медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін және оның жазасыз қалмайтынын айқын көрсетуіміз қажет», – деді А.Әлғазарова.

Жедел жәрдем фельдшері Анель Баймұрзина шақырту кезінде ауыр шабуылға ұшырады. Зейнеткерді реанимациялау әрекеті сәтсіз болғаннан кейін, екі әйел оған жұдырық ала жүгіріп, ауыр жарақаттар салған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жедел жәрдем #Ақмарал Әлназарова #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.