ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жедел жәрдем қозғалысын нақты уақыт режимінде бақы...

Жедел жәрдем қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай аласыз

Медицина 20.05.2025, 14:38 601
Жедел жәрдем қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай аласыз
gov.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп, елорда тұрғындарының шақырылған жедел жәрдем бригадасының қозғалысын...

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп, елорда тұрғындарының шақырылған жедел жәрдем бригадасының қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервисті енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды.

Жеделдіктің бірінші санаты бойынша шақырту түскен жағдайда, жүйе өтініш берушіге автоматты түрде интерактивті картаға сілтемесі бар SMS-хабарлама жібереді. Картаны браузер арқылы ашқан пайдаланушы жедел жәрдем көлігінің бағытын нақты уақытта бақылай алады.

Бұл шешім шұғыл қызметтердің жұмысын ашық етуге, азаматтардың алаңдаушылығын азайтуға, сондай-ақ диспетчерлерге түсетін жүктемені төмендетуге бағытталған.

Астана қаласы жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, операторлар күн сайын 6000-ға дейін кіріс қоңырау қабылдайды, олардың 40%-ға жуығы — жедел жәрдемнің келу уақытын нақтылауға байланысты қайталама қоңыраулар.

Автоматтандырылған хабарландыру жүйесін енгізу осындай қоңыраулардың санын айтарлықтай азайтып, ресурстарды жаңа шұғыл шақыртуларды өңдеуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Жоба алғашқы кезеңде Астана қаласында жеделдіктің бірінші санаты бойынша кейбір шақыртуларға қолжетімді болады. Алдағы уақытта бұл жобаны Қазақстан аумағындағы барлық шұғыл шақыртуларға кеңейту жоспарлануда.

«Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын көру мүмкіндігі — технологиялар арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, шақырған адамдардың алаңдаушылығын азайту және диспетчерлерге түсетін жүктемені азайтудың бір мысалы. Сонымен қатар, цифрлық хабарлама беру бригаданың келуіне дайындалуға көмектеседі, мысалы, ауладағы шлагбаумды ашу немесе пациенттің құжаттарын дайындау секілді», — деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық азаматтары үшін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және жеделдігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырады.
Функция API Яндекс Картаның JavaScript API шешімі арқылы жүзеге асырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.