ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жазғы мектеп жұмысын бастады

Жазғы мектеп жұмысын бастады

Әлеумет 09.06.2022, 03:14 1,501
Жазғы мектеп жұмысын бастады
almaty-akshamy.kz
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде дәстүрлі Халықаралық жазғы мектептің ашылу салтанаты өтті. Онлайн, офлайн форматтағы іс-шарада Америка, Еуропа, Тынық мұхит, Орталық Азия мемлекеттері мен...

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде дәстүрлі Халықаралық жазғы мектептің ашылу салтанаты өтті. Онлайн, офлайн форматтағы іс-шарада Америка, Еуропа, Тынық мұхит, Орталық Азия мемлекеттері мен ТМД-дан келген 33 елдің өкілдері қатысты.



«Биылғы Халықаралық жазғы мектеп офлайн режимде өтуде. Онда қатысушылар білім көкжиегін кеңейтіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы инновациялық технологиялармен таныса алады», – деп атап өтті ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы-ректоры, Ұлттық  академияның вице-президенті, академик Тілектес Есполов.




Халықаралық Жазғы мектеп бірнеше ғылыми бағытты қамтып, «Табиғи ресурстарды бағалау және басқару мәселелері», «Жасыл экономика», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар», «Жер және орман ресурстарын басқару» секілді тақырыптарда ой қозғайды. Барлық тыңдаушы арнайы пәндер бойынша 5 ECTS алатын болады. Жазғы мектеп аясында жас ғалымдар STARTUP жобалардың онлайн-байқауына қатыса алады. Үздік жобалар марапатталып, арнайы сертификаттар беріледі.



«Осы екі апта біз үшін өте мазмұнды және қызықты болатынына сенімдімін. Халықаралық жазғы мектептің қатысушылары инновациялық орталықтарда, университеттің және ғылыми ұйымдардың зерттеу зертханаларында, озық шаруашылықтар мен кәсіп­орындарда білім алып қана қоймай, қаламен танысып, театрларға, мұражайларға, көрмелерге және басқа да көрікті жерлерге бара алады», – дейді Т.Есполов.



Жазғы мектеп аясында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының халықаралық форумы өтті. Отырыс 75 жылдық мерейтойын жақында ғана атап өткен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының «Ғылым ордасында» ұйымдастырылды. Іс-шараның модераторы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының байланыс аға офицері Манафи Абдулла Мутуало болды.



15 маусым күні «Зерттеу университетінің Қазақстандық моделі – дамудың 20 жылдық тәжірибесі» форумы және ТМД-ның жетекші аграрлық ЖОО ректорлары кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Ұлыбританияда жарық көрген «Зерттеу университетінің Қазақстандық моделі», «ҚазҰАЗУ – дұрыс тамақтану және қоршаған орта саласындағы әлемдік деңгейдегі жетекші университет» атты жаңа кітаптардың таныстырылымы үш тілде өтеді.


Осы форум аясында өтетін тағы бір ауқымды іс-шара – 2023 жылғы QS бас рейтингісінде жоғары орындарға ие болған 14 қазақстандық ЖОО-ға естелік белгілерін табыстау рәсімі. Сыйлықты QS Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Христолюбов Сергей Владимирович өзі табыстамақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.