конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда д...

Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда демалуға арналған үздік 5 орын

Әлеумет 04.05.2025, 11:53 749
Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда демалуға арналған үздік 5 орын
Almaty-akshamy.kz. 

Жазғы демалыс маусымы жақындаған сайын туристер табиғатты, мәдениетті, жайлы инфрақұрылымды біріктіретін бағыттарды іздей бастайды. Қазақстанда жазғы туризмді дамыту үшін түрлі мүмкіндік бар. Назарларыңызға елдің экотуризм және танымдық бағыттар әлеуетін ашатын ТОП-5 бағытты ұсынамыз.

1. Катонқарағай, Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ұлттық паркі — Қазақстанда Green Destinations халықаралық тізіміне енген алғашқы аумақ. Өңір көркем табиғатымен, биік тауларымен, көлдерімен, емдік бұлақтарымен танымал. Туристер Язевое көліне, Белуха тауына, «Рахман қайнары» қорық аймағына және Шүкір Шайжүнісов музейіне баруына болады. Бұл өңір экотуризм, альпинизм және сауықтыру туризмі үшін өте қолайлы орын саналады.

2. Қорғалжын қорығы, Ақмола облысы
Қорғалжын — қоқиқаздарды табиғи мекенінде көруге болатын әлемдегі сирек орындардың бірі. Жазда қорық көлдеріне мыңдаған жыл құсы ұшып келеді. Бұл бағыт орнитологиямен айналысатындар мен табиғат тыныштығын қалайтын туристер арасында танымал.

3. Алтынемел ұлттық паркі, Жетісу облысы
Алтынемел — табиғи алуантүрлілік пен мәдени мұра тоғысқан ірі туристік орталықтардың бірі. Паркте заманауи визит-орталық жұмыс істейді. Туристерге бағыттар бойынша ақпарат беру, қызмет көрсету, навигациялық қолдау ұсынылады. Басты нысандардың қатарында — «Айғай құм», Ақтау таулары мен Тамғалы-Тас петроглифтері бар. Бұл бағыт отбасылық және жеке саяхатқа да қолайлы.

4. Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Түркістан облысы
Сайрам-Өгем — оңтүстік аймақтағы әлеуеті жоғары, бірақ әлі толық ашылмаған бағыттардың бірі. Мұнда мұздық көлдерге апаратын жаяу бағыттар мен тау флорасымен танысу мүмкіндігі бар. Экотуризм дамып келе жатқан бұл өңір ішкі туризм үшін тың мүмкіндікке айналуда.

5. «Сартас» визит-орталығы, Маңғыстау облысы
Маңғыстау өңірі туристік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып келеді. Жаңадан ашылған «Сартас» визит-орталығы өңірдің петроглифтеріне, жартас кешендеріне және қасиетті орындарына баратын келушілер үшін ашық. Бұл орталық логистика мен қауіпсіз маршруттарға қолайлы жағдай жасайды. Жаз мезгілі — Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен тарихи кеңістігін тануға таптырмас кезең.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаз #демалыс #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);