ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жазда суық тигізу неге қауіпті? Терапевт түсіндірд...

Жазда суық тигізу неге қауіпті? Терапевт түсіндірді

Мұны білген жөн 24.07.2025, 10:45 704
Жазда суық тигізу неге қауіпті? Терапевт түсіндірді
Сурет: depositphotos.com
Жазда температураның жиі ауысуы, кондиционер мен салқын тағам-сусындардың әсерінен ағза әлсіреп, күтпеген жағдайда сыр бере бастайды. Бұл жай ғана тұмау емес - асқынуға бейім, елеусіз қалдыруға...

Жазда температураның жиі ауысуы, кондиционер мен салқын тағам-сусындардың әсерінен ағза әлсіреп, күтпеген жағдайда сыр бере бастайды. Бұл жай ғана тұмау емес - асқынуға бейім, елеусіз қалдыруға болмайтын процесс. Осыған байланысты Аqshamnews.kz тілшісі медицина ғылымдарының докторы, Ньюкасл университетінің түлегі, интегративті терапевт-дәрігер Сағындықова Әлия Абханқызымен сұхбаттасып, жазғы суық тиюдің себебі мен салдары туралы әңгімелесті.

Әлия Сағындықова

терапевт-дәрігер

Жазғы суық неге ауыр өтеді?

Дәрігердің айтуынша, жазда суық тию кейде қысқа қарағанда ауыр өтуі мүмкін. Себебі адамның ағзасы ыстық ауа райына бейімделіп тұрады да, кенеттен кондиционердің немесе мұздай сусындардың әсерінен дене температурасы тез суиды.

"Қыста адамдар жылы киініп, сыртқы ортадан қорғануға тырысады, ал жазда ондай сақтық жоқ. Оның үстіне, жазда тұмау белгілеріне мән бермей жүре беру де жиі кездеседі. Бұл жағдай қабынудың асқынуына әкелуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Кондиционерді дұрыс қолданудың ережесі

Кондиционер мен желдеткіш - жаздағы жайлылық кепілі ғана емес, дұрыс пайдаланбаса, қауіп көзі. Дәрігердің айтуынша, кондиционердің суық ағыны адамның бетіне немесе арқасына тікелей бағытталмауы керек.

"Температура айырмашылығы 5–7°C-тан аспауы тиіс. Ұйықтап жатқанда желдеткішті өзіңізге бағыттау - мойын мен белге суық тию қаупін арттырады", - дейді Әлия ханым.

Сонымен қатар, бөлмені жиі желдетіп, ылғалдылықты сақтау - тыныс алу жолдары үшін маңызды.

Иммунитет әлсіз болса, вирусқа жол ашылады

Дәрігер жазғы иммунитетті не әлсірететінін айтып берді.

"Иммунитет мықты болса, ағза кез келген суыққа қарсы тұра алады. Бірақ жазда дұрыс тамақтанбау, ұйқының бұзылуы, артық стресс пен сусыздық иммун жүйесін әлсіретеді", - дейді дәрігер.

Иммунитетті күшейту үшін жеткілікті ұйықтау, теңгерімді рацион, таза ауада қозғалыс және күйзелісті азайту қажет.

Энергия жетіспеушілік неден туады?

Жазда адамдардың энергиясы азайып, үнемі шаршаңқы жүретіні жиі байқалады. Әлия Абханқызы мұндай жағдайда энергетик сусындарға жүгінудің орнына, табиғи өнімдерді тұтынуға кеңес береді. Оның ішінде көк шай, лимон қосылған жылы су, банан мен жаңғақтар, таңғы сұлы ботқасы мен йогурт - ағзаны қуаттандырып, ұзақ мерзімді сергектік береді.

"Жазда ағзаны тыңдау керек. Дене шаршағанын білдірсе - демалыс пен ұйқыға дұрыс көңіл бөліңіз. Бұл - шаршаудың ең жақсы емі", — дейді дәрігер.

Сондай-ақ, созылмалы стресс ағзаны әлсіретіп, суық тиюге бейім етеді. Мұндай жағдайда адамдар тұмау, герпес сияқты вирустық ауруларға жиі шалдығады. Ұйқысыздық, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, қан қысымының тұрақсыздығы сияқты мәселелер де ушыға түседі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.