ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жазда жұмыс істейтін оқушылардың ата-анасы жазаға...

Жазда жұмыс істейтін оқушылардың ата-анасы жазаға тартыла ма?

Мұны білген жөн 19.06.2025, 12:06 1,023
Жазда жұмыс істейтін оқушылардың ата-анасы жазаға тартыла ма?
Сурет: ЖИ
Жаз айларында мектеп оқушылары түрлі маусымдық жұмысқа орналасуға ниетті. Бос уақытында ата-анама қолғабыс болайын, өз шығынымды өзім өтейін деген жасөспірімдер жұмыс істеуге асықпай тұрып білуі...

Жаз айларында мектеп оқушылары түрлі маусымдық жұмысқа орналасуға ниетті. Бос уақытында "ата-анама қолғабыс болайын, өз шығынымды өзім өтейін" деген жасөспірімдер жұмыс істеуге асықпай тұрып білуі керек қағидалар бар екен. Ол қандай? Ал баласының не жұмыс істеп жүргенін білмейтін ата-аналарды қандай жаза күтеді? Аqshamnews.kz тілшісі заңгерден жасөспірімдердің еңбек ету ережелері мен ата-аналарға жүктелетін жауапкершілік туралы сұрап білді. 

Қуат Ауғанбек 

заңгер 

Жұмыс істеуге рұқсат етілетін жас

Заңгер Қуат Ауғанбек аталмыш тақырыпқа қатысты маңызды дүниелерді тәптіштеп түсіндіріп берді. Ол жасөспірімдердің тек ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен 14 жастан бастап жеңіл жұмыстар істей алатынын айтты. Ал ресми түрде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, еңбек шарты:

  • 16 жасқа толған тұлғалармен жасалуы мүмкін;

  • 14 жастан бастап жалпы білім беретін мектепті бітірген немесе оқумен қатар орындауға болатын жеңіл жұмыстарға ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімімен рұқсат етіледі;

  • Ауыр, зиянды, қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ оқу процесіне кедергі келтіретін жұмыс түрлеріне 18 жасқа толмағандар тартылмайды.

"Жасөспірім жұмысқа орналасқан жағдайда, Еңбек кодексінің 31-бабының 4-тармағына сай, міндетті түрде ата-анасының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл талап жұмыс түріне немесе мекемеге қарамастан, барлығына ортақ" деп қосты заңгер. 

"Жұмыс берушілер де жауапқа тартылады"

Егер жұмыс беруші жасөспірімді заңсыз немесе еңбек заңнамасын бұза отырып жұмысқа қабылдаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабына ("Жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа тарту") сәйкес, оған айыппұл салынады:

  • лауазымды тұлғаларға — 60 айлық есептік көрсеткішке дейін,

  • заңды тұлғаларға — 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Бұдан бөлек, ҚР Еңбек кодексінің 89-бабы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп, санкция қолдануға құқылы.

Ата-ана нені білу керек?

Заңгердің айтуынша, бала кәмелетке жасқа толғанға дейін, ол мейлі жұмыс істесе де, оның әрбір әрекетіне ата-ана жауапты болады. 

"Егер жасөспірім еңбек қызметі кезінде қандай да бір құқық бұзушылық (әкімшілік немесе қылмыстық) жасаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы ("Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі") және 127-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша ата-аналар немесе заңды өкілдер де жауапқа тартылуы мүмкін. Тиісінше, айыппұл немесе ескерту жазасы көзделген" дейді заңгер  Қуат Ауғанбек. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.