Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жасыл желекке бөленген Алматы: қаладағы әр ауданда...

Жасыл желекке бөленген Алматы: қаладағы әр ауданда өткен экологиялық іс-шаралар

Әлеумет 19.10.2024, 15:16 2,074
Жасыл желекке бөленген Алматы: қаладағы әр ауданда өткен экологиялық іс-шаралар
Алматы қаласы әкімдігі

Алмалы ауданында, Махатма Ганди атындағы саябақта таңертеңнен бастап жақын маңдағы үйлердің тұрғындары, түрлі ұйымдардың өкілдері шұңқыр қазып, түскен жапырақтарды жинап, көшеттер отырғызды.

Тастақ-2 шағын ауданында бірқатар қалалық колледждің оқытушылары мен студенттері 50-ге жуық алма және шаған көшеттерін отырғызды.

Алматыбасжоспар ғимаратының жанындағы алаңда осы ауданда орналасқан тұрғындар, кәсіпкерлер мен компаниялардың қызметкерлері де жаңа көшеттер отырғызды. Жыл басынан бері олардың саны 15 мыңнан асты.

Бостандық ауданында қала тұрғындары, оның ішінде экобелсенділер Гагарин бульварын ретке келтірді. Акцияға қоғамдық, экологиялық және білім беру ұйымдарының 250-ден астам өкілі, сондай-ақ тұрғындар қатысты. Қоқыс жинаумен қатар, серуендеу жолдары мен аллеяларда қоршаулар, орындықтар және басқа да жабдықтарды бояу жұмыстары жүргізілді.

Наурызбай ауданында акцияға 250 адам қатысты: жергілікті әкімдік, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, жастар мен ардагерлер. Сақ қорғандарының айналасындағы алаңда 200 көшет отырғызылды. «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің маңында 400 көшет, Алатау даңғылы бойында тағы 100 көшет егілді. Отырғызылған түрлердің арасында қарағаш, сәнағаш және шаған бар. Сонымен қатар, акцияға қатысушылар 300 текше метр қоқыс шығарды.

Алатау ауданында сенбілікке 3 мыңнан астам адам қатысты. 6 гектар аумақта, ALA саябағының аумағында және Жаңа Саин көшесінің бойында 2100 ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, сәнағаш, шаған және қараған. 540 текше метр қоқыс шығарылды, оған 42 арнайы техника тартылды.

Әуезов ауданында экологиялық акцияға 500-ден астам адам қатысып, шамамен 500 ағаш көшеті отырғызылды. Бұған 22 техника жұмылдырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, «Жарқын күз» ауқымды экологиялық акциясы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл акцияның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту және мегаполисті көгалдандыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТазаҚазақстан #Алматы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.