AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Жасы қырыққа жетсе де, ой-өрісі 15 жаста": сарапш...

"Жасы қырыққа жетсе де, ой-өрісі 15 жаста": сарапшылар әлжелінің кесірі туралы ашық айтты

Мұны білген жөн 10.01.2026, 12:33 533 Сұлу
"Жасы қырыққа жетсе де, ой-өрісі 15 жаста": сарапшылар әлжелінің кесірі туралы ашық айтты
depositphotos.com

5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Turkistan" газетіне берген сұхбатында әлеуметтік желі адамның ойлау қабілетіне зияны барын айтып, "жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейінде қалып қойған азаматтар" барын атап өтті. Бұған қатысты психологтар не дейді? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Психолог Ольга Романивтің айтуынша, әлеуметтік желінің кесірінен өз өмірін қызықсыз деп санайтын адамдарда жіберіп алған мүмкіндіктер синдромы (FOMO) қалыптасады. Бұл күй өзгелерге қызғанышты күшейтеді.

FOMO кезінде адам басқалардың не істеп жүргенін үнемі бақылап, өзін олармен салыстыруға бейім болады, ал бұл өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне әкелуі ықтимал. Психолог бұл синдром, мысалы, адам достарының кештен не сапардан салған фотоларын көргенде өршуі мүмкін екенін түсіндіреді: әлеуметтік желіде көпшілік күнделікті қарапайым сәттерді емес, өмірінің "ең мінсіз келбетін" ғана көрсетеді. Соның салдарынан интернеттен біреудің тек жақсы қырларын көрген басқа адамдар өз өміріне көңілі толмай, түңіліп кетуі мүмкін.

Егер адам желідегі өзгенің өмірін бақылағанда қызғаныш пен жайсыздық тудыратынын түсінсе, виртуаы әлемде өткізетін уақытын қысқартқаны жөн. Балама ретінде тым көп мақтанатын адамдарға жазылудан бас тартуға болады. Сондай-ақ, қуаныш сыйлайтын дүниелер туралы, мысалы, күнделікке жазып жүру назарды өз ішкі сезімдеріне бұруға көмектеседі.

Психолог бар нәрсенің қадірін білу маңызды дейді: үй, денсаулық, отбасы сияқты құндылықтарды бағалау қажет. Кейде табыс пен қызық қуған асығыстықты бәсеңдетіп, болып жатқан сәтті толық сезініп, өмірді тереңірек "тұшып" көру әлдеқайда дұрыс.

"Баяулаудың жақсы тәсілі - саналы зейін (майндфулнес): қазіргі сәтте өзіңе, сезімдеріңе және әрекеттеріңе назар аудару. Бұл шай дайындау немесе асықпай тамақтанып, оның дәмін сезіну сияқты қарапайым әдеттерден басталады", - деп түйіндейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік желі #Тоқаев #кесір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);