AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн

Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн

Сайлау-2023 09.11.2022, 10:58 1,316
Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысының сайлаушыларымен кездесті
Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастарымен бірқатар кездесу өткізді.
Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері ел өңірлерінде сайлаушылармен 13 мыңнан астам кездесу өтті. Олардың басты мақсаты – кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бастамаларын тұрғындарға жеткізу.
Екібастұз қаласында РҚШ мүшелері жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.
«Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиіс. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек. Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн»,- деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.
Павлодарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары трамвай басқармасы мен электролиз зауытының ұжымдарымен кездесу өткізді. 
Бұдан соң Достық үйінде штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. «Торайғыров университетінде» ғылыми қоғамдастық өкілдері сайлауалды бағдарламада көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын қарастырды.
Жастар белсенділерімен кездесуде РҚШ мүшелері – жастар саясатындағы, ал кәсіпкерлерімен жүздесуде экономика саласындағы сайлауалды бастамаларға тоқталды. 
Жалпы, Бүгін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысының Ақсу, Екібастұз қалаларында, сондай-ақ Баянауыл, Железин, Успен және т.б. аудандарында сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #кандидат #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);