ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жасөспірім қыздарға АПВ екпесі не себепті маңызды...

Жасөспірім қыздарға АПВ екпесі не себепті маңызды екенін алматылық дәрігер айтып берді

Медицина 16.08.2024, 17:08 1,703
Жасөспірім қыздарға АПВ екпесі не себепті маңызды екенін алматылық дәрігер айтып берді
almaty-akshamy.kz
Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы егу денсаулық сақтау саласындағы, әсіресе жасөспірім қыздар үшін барған сайын өзекті тақырып болып келеді. АПВ жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісіктің...

Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы егу денсаулық сақтау саласындағы, әсіресе жасөспірім қыздар үшін барған сайын өзекті тақырып болып келеді. АПВ жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісіктің негізгі себебінің бірі. Сондықтан бұл вирустың алдын алу өте маңызды, дейді Алматы №36 қалалық емхананың дәрігері Қарлығаш Қалиева.

Дәрігер егудің негізгі себебін жатыр мойны обырының алдын алу деп санайды, өйткені адам папиллома вирусы осы аурудың дамуының негізгі қауіп факторы.

Жыныстық белсенділікке дейін аталған екпені егу вирусты жұқтыру мүмкіндігін толығымен жояды және, тиісінше, қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайтады.

«Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, адам АПВ тасымалдаушысымен байланыста болмаған жағдайда вакцина 91-100% тиімді. Бұл екпені денсаулықты қорғаудағы маңызды қадамға айналдырады», - дейді Қарлығаш Қалиева.

АПВ екпесі қауіпсіз және жақсы төзімді. Ықтимал жанама әсерлер әдетте жеңіл әрі қысқа мерзімді. Вакцина ұрпақты болу функциясына әсер етпейтінін ескеру маңызды.

АПВ екпесі міндетті күнтізбеге енгізілген елдерде жатыр мойны обырының сырқаттанушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл аталған екпе егу бағдарламасының жоғары тиімділігін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ата-ана келісімімен 11 жастағы жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталады.

«2024 жылдың қыркүйегінде басталатын науқан ата-ана мен қалың қауымның қолдауы мен түсінуін талап етеді. Вакцинация жатыр мойны обырынан болатын аурушаңдық пен өлім-жітімді айтарлықтай төмендетуі мүмкін, бұл болашақта аталған мәселені толығымен жою туралы айтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді дәрігер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.