AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жасанды интеллекттің жағымсыз жағы

Жасанды интеллекттің жағымсыз жағы

Әлем 06.12.2023, 07:12 1,878
Жасанды интеллекттің жағымсыз жағы
Сурет: Pixabay Gerd Altmann

Жасанды интеллектің бақылаусыз дамуы АҚШ мектептерінде буллингті күшейтті.


Оның ішінде жасанды зерденің көмегімен оқушы қыздардың жалаңаш суретін жасап, әлеуметтік желі арқылы таратудың бірнеше фактісі тіркелді. Арнайы заң бекітпесе, мұндай жағдай көбейе түспек, - дейді мамандар. 


Елдің жағасын ұстатқан оқиғаның бірі Нью Джерси штатындағы мына мектепте болған. 14 жасар бірнеше қыздың жалаңаш суреттері снапчат әлеуметтік желісі арқылы тарап кетеді. Тексеріс жалған порнографиялық суретті сыныптас бозбаланың жасанды интеллект қосымшасын пайдаланып жасағанын анықтайды.



«Біз бұған қатты ашуландық. Қыздардың көбі жылап та алды. Мұндай сұмдық жағдайға тап боламыз деп кім ойлаған. Жасанды интеллектінің себебінен кез келгеніміз зардап шегуіміз мүмкін», - дейді оқушы Френческо Мани. 



Жалған суреттер тамыз айында тараған. Бірақ, ол туралы көпшілікке енді ғана мәлім болып отыр. Арада толық екі ай өтсе де бұзақылық жасаған балаға ешқандай шара қолданылмаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Алайда, зардап шеккен отбасылар оны мектептен шығаруды және жазаға тартуды талап етуде.



«Маған мектеп өкілдері хабарласып, бірнеше оқушы қыздың түрлерін пайдалану арқылы жалған жалаңаш суреттер снапчаттағы топтарда таралып жатқанын хабарлады. Алғаш естігенде шок болдым. Енді ешбір ата-ана мұндай жағдайға дайын болмасы анық. Кейін мектептің қарекетсіз отырғанына қарап, көңілім түсті», - дейді ата-ана Дорота Мани. 



Дәл осындай жағдай Вашингтон штатында да болды. Сиэтл қаласында орта мектепте оқитын қыздардың жаңалаңаш бейнелерін жасаған жасөспірімнің үстінен тергеу басталды. Жалпы, тәуелсіз зерттеушілердің хабарлауынша жыл басынан бері елде 143 мыңнан астам дип фейк видео мен сурет ғаламторға жүктелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #бақылаусыз жаму #буллинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);