ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Жасанды интеллект контент дайындауда медиадағы жаң...

Жасанды интеллект контент дайындауда медиадағы жаңа үрдіске айналды

Алматы 18.11.2025, 15:35 357
Жасанды интеллект контент дайындауда медиадағы жаңа үрдіске айналды
Aqshamnews.kz
Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында қазақстандық AI-креатор Қанат Есіркепов...

Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында қазақстандық AI-креатор Қанат Есіркепов контент өндіру процесінде жасанды интеллектіні пайдалану тәжірибесін бөлісті.

Оның айтуынша, қазіргі редакциялардағы жұмыстардың 30–40 пайызы AI көмегімен оңай автоматтандырылып, журналистердің уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Есіркеповтың сөзінше, жасанды интеллект құралдары жаңалықтарды мәліметтер негізінде лезде генерациялауда тиімді.

«Қаржылық есептер, спорт нәтижелері, ауа-райына қатысты ақпарат сияқты деректерді AI дәл әрі жылдам дайындай алады», – дейді сарапшы.

Спикер контент өндірісін арттыруда AI-аватарлар да кең қолданыла басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай технологиялар автордың дауысын, стилін немесе бейнесін көшіріп, үлкен көлемдегі материалды тез әрі тұрақты шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, автоматтандырылған «контент заводтарын» құруға арналған N8N, Make, Opal секілді жүйелер медиа саласында жиі қолданылып келеді. Алайда маман бұл саладағы басты қауіпке де назар аударды.

«Ең маңызды мәселе – дипфейктер мен жалған ақпараттың көбейуі. Бұл медиаға деген сенімге тікелей қауіп төндіреді», – дейді Қанат Есіркепов.

Спикердің пікірінше, жасанды интеллект түркітілдес медиа кеңістігін біріктіруге де мүмкіндік береді. Ол AI-ды дұрыс игеру бәсекеге қабілеттілікті арттыратынын атап өтті:

«AI мамандарды алмастырмайды, бірақ AI-ды қолданбайтын мамандарды алмастыруы мүмкін», – деді ол.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.