AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллект Алматының қалалық мәселелерін ше...

Жасанды интеллект Алматының қалалық мәселелерін шешуге кірісті

Әлеумет 04.09.2025, 12:52 611 Bakyt
Жасанды интеллект Алматының қалалық мәселелерін шешуге кірісті
Сурет ЖИ көмегімен салынды
Алматы замандық технологияларды енгізуді жалғастырып, жасанды интеллекті қоғамдық қауіпсіздік пен қалалық инфрақұрылымды басқаруда кәдеге жаратып келеді. ЖИ қоғамдық көлікті басқарып, жол жағдайын бақылап, тәртіп бұзушылықты анықтап, өртті ерте байқау сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков осылай деді.
 
Қаладағы негізгі жобаның бірі – Ахуалдық орталық. Мұнда машиналық оқыту мен үлкен деректерді талдау әдістері қолданылады. Жүйе жолдағы қозғалысты саралап, көлік ағынын реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Open Almaty платформасына түскен өтініштер талданып, тұрғындардың сұранысына сәйкес шешім қабылданады.
 
Жасанды интеллект бейнемониторинг жүйесінде де іске қосылған. Алгоритмдер адамдардың көп жиналуын, күдікті әрекеттерді, төбелесті, қаруды, өрт пен түтінді анықтайды. Сонымен қатар тәртіп бұзушылықтарды белгілеп, адамдар мен көліктерді сипаттама бойынша іздей алады. Жыл соңына дейін бейнеаналитиканың жаңа модульдері қосылады. Олар рұқсатсыз қоқыс төгілген орындар мен толып кеткен контейнерлерді анықтап, қоғамдық көліктегі бейнеағынды талдайды.
 
«Жолдардың жағдайына да ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылдың қазан айынан бастап ЖИ негізіндегі мониторинг жүйесі іске асырылды. Жол жабыны туралы деректер автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылған бейнетіркегіштер арқылы жиналады», – деді спикер.   
 
Алматы тәжірибесі көрсеткендей, жасанды интеллект пен цифрландыру – қала өмірінің маңызды бөлігіне айналып келеді.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жасанды интеллект #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);