Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жас босанған аналарға Наурыз-базарлық ұсынылды

Жас босанған аналарға Наурыз-базарлық ұсынылды

Әлеумет 17.03.2024, 09:15 1,296
Жас босанған аналарға Наурыз-базарлық ұсынылды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Алматылықтар бүгін Шаңырақ күнін атап өтіп жатыр. Ал кез-келген шаңырақтың сәні, мәні, базары – бала. Алматының №4 қалалық перзентханасының ұжымы бүгін босанған он анаға және құндақтаулы нәрестелеріне «Наурыз-базарлық» ұсынды. Он нәрестенің төртеуі ұл, алтауы қыз.




– Бала – адам өміріндегі ең үлкен бақыт қой. Бұл менің екінші сәбиім. Тұңғышымыз - қыз, ол бүлдіршінімді де осы перзентханада босанғанмын. Төрт жылдан соң, міне, ұл сүйдік. Шаңырағымызды қуанышқа кенелтіп, көктем-көңіл сыйлаған бөбегіміз елдің азаматы болсын деймін. Перзентхана ұжымына алғыс айтамын. Менің балам да болашақта қолы ашық, жомарт, ел-жұртқа қарайласып жүретін қайырымды болсын деген аналық тілегім бар, – дейді қол-аяғын аман-есен бауырына алған алматылық Арайлым Төкешева. 



Тәтті ұйқыда жатқан бөбегін құшақтап отырған бақытты аналарға перзентхананың бас акушері Сәуле Советқызы ізгі лебізін жеткізіп, шаңырақ шаттығын тіледі.
Аналарға ән-жырдан шашу шашылды.



Былтыр №4 қалалық перзентханада 5136 бала дүниеге келген болатын. Ал осы жылдың басынан бері 930 сәби өмір есігін ашты.



Тақырыпқа орай бүгінгі күннің мән-мағынасын айта кетсек. Елімізде Наурыз мейрамын тойлатудың жаңа жалпыұлттық тұжырымдамасы бекітіліп, «Наурызнама» онкүндігі жарияланған болатын. Бүгінгі 17 наурыздағы іс-шаралар тізбегіне «Шаңырақ» атауы беріліп отыр. Бұл күні отбасы құндылықтары дәріптелуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #ана #жас босанған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.