Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Жәркен жырау тұрған үй»

«Жәркен жырау тұрған үй»

Әлеумет 28.10.2024, 14:08 1,493
«Жәркен жырау тұрған үй»
Суретті түсріген автор

Алматыда Жәркен Бөдешұлын еске алу шаралары өтуде

Жәркен Бөдешұлының есімі қазақ поэзиясында алтын әріптермен таңбаланғаны даусыз. Даңқты ақын арамызда болса, биыл 80 жасқа толар еді. Бүгін, 28 қазан, Алматыда Жәркен Бөдешұлын еске алуға арналған бірқатар шаралар өтпек. Еске алу шаралары ақынға арналған ескерткіш тақта қоюдан басталды.

Алматыдағы «Құлагер» ықшам ауданында Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге арнайы ескерткіш тақта орнатылды. Еске алу шарасына Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетхан, ақын Қасымхан Бегманов бастаған қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақ поэзиясында аты айрықша аталатын Жәркен Бөдешұлын әдеби орта «Жәркен жырау» деп те атасады. Оның туған жер тақырыбындағы сағынышқа толы сарқылмас жырлары оқырманға кеңінен танымал. Тіпті бүгінде ақынның кейбір өлең тармақтары жұрт аузында тұрақты сөз тіркесіне айналып кетті деуге болады.

Айталық, «Жұлдызға орнын Ай бермес, қанша жарық болса да» немесе «Қара жер құнарлылығы үшін сатылды, Мағжан сатылмағаны үшін атылды, мен жер емеспін сатылып кететін, Мағжан емеспін атылып кететін» дейтін өлең жолдары өзгермес аксиомаға айналғандай.

Бүгін түстен кейін, 16:00-де, Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Жәркен Бөдешұлын еске алуға арналған арнайы әдеби-сазды кеш өтетінін оқырмандарымызға хабарлай кетейік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жәркен Бөдешұлы #жырау #ескерткіш тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.