Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жақсылық пен үміт сыйлайтын мейрам

Жақсылық пен үміт сыйлайтын мейрам

Әлеумет 07.01.2025, 08:15 929
Жақсылық пен үміт сыйлайтын мейрам
Сурет ЖИ

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, ізгілік пен мейірімге толы бұл күннің қоғамда рухани құндылықтарды нығайтудағы маңызын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Құрметті отандастар!

Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.    

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.  

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Рождество мерекесі құтты болсын!

 

Керек дерек

  • Рождество – Иса Мәсіхтің дүниеге келуін атап өтетін христиандық мереке.
  • Рождествоны католиктер мен протестанттар – 25 желтоқсан, православтар – 7 қаңтар атап өтеді.
  • Мерекенің мәні: Мейірімділік, рухани тазалық пен сүйіспеншілікті дәріптейді.
  • Салт-дәстүрлер: Шіркеу қызметтері, қайырымдылық істер, отбасылық дастархандар.
  • Қазақстанда: Мемлекеттік деңгейде танылған, елдегі бейбітшілік пен достықтың символы ретінде атап өтіледі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рождество #православ #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.