ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Жапонияда «Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтт...

Жапонияда «Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті

Саясат 23.03.2022, 06:40 1,848
Жапонияда «Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті
Cурет: Baq.kz
Жапондықтар қазақстандық қоғамның бірігу мақсаттарын қолдайтындарын жеткізді

Жапондықтар қазақстандық қоғамның бірігу мақсаттарын қолдайтындарын жеткізді


Наурыз мейрамы қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Жапониядағы ҚР елшілігі жапон достарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Сонымен қатар іс-шара барысында «Достық» ордені және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапаттау рәсімі өтті.


Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстары талқыланды. Қатысушыларға жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы баяндалды.


Қазақстанды одан әрі дамытуға және қоғамымызды демократияландыруға ықпал ететін суперпрезиденттік формадан парламенті күшті президенттік республикаға көшу сияқты маңызды саяси бастамаларға ерекше назар аударылды.


Қазақстан Елшісі Сабр Есімбеков Мемлекет басшысының жолдауында азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу деңгейін арттыру мақсаты айқындалғанын атап өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістердің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру міндеттерін қолдады. Қазақстанның жапондық достары сонымен қатар болашақ ілгерілеудің басты факторы ретінде қазақстандық қоғамның бірігу мақсаттарын қолдайтындарын жеткізді.


Өз кезегінде, қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын талқылап, Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтудің жаңа бағыттарын белгіледі.


Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлықтарымен марапатталған, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының тарихын зерттеушісі, Хоккайдо университетінің профессоры Томохико Уямаға ІІ дәрежелі «Достық» орденін және 1993-1996 жылдар аралығында Қазақстанда қызмет атқарған Жапонияның Қазақстандағы тұңғыш елшісі Акира Мацуиге «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін тапсыру рәсімі өтті.


Марапатталғандар Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына жоғары наградалар үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның одан әрі гүлдене беруін тіледі. Профессор Т.Уяма бұл награданы бүкіл ғылыми-зерттеу корпусы мен қазақстандық әріптестеріне арнайтынын айтып, алғыс сезімі мен жылы лебізін қазақ тілінде жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.