ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Жансая Әбдімәлікті Қазақстан шахмат федерациясы «Д...

Жансая Әбдімәлікті Қазақстан шахмат федерациясы «Дара» орденімен марапаттады

Билік 08.06.2021, 09:11 1,956
Жансая Әбдімәлікті Қазақстан шахмат федерациясы «Дара» орденімен марапаттады
Сурет: Gov.kz/memleket
Жансая Әбдімәлікті Қазақстан шахмат федерациясы «Дара» орденімен марапаттады.

Жансая Әбдімәлікті Қазақстан шахмат федерациясы «Дара» орденімен марапаттады.


Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін атақты қазақстандық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікпен кездесіп, оны кәсіби жетістігімен жеке құттықтап, шахмат федерациясының ең жоғары наградаларының бірі – «Дара» орденін тапсырды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Естеріңізге сала кетейік, Гибралтардағы әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңіндегі ойынының қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік тарихи жетістіктің авторы болды. Бірде-бір ойында жеңілмеген шахматшы мәртебелі жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық гроссмейстер атағын алған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ Орталық Азия өкілі болды.


Бейбіт Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, шахматшыға жаңа жетістіктер тіледі.


Анықтама үшін:


Жансая Әбдімәлік – қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер.


Өзінің алғашқы атағын Жансая Әбдімәлік алты жасында, 2006 жылы Алматы қаласының чемпионатында 8 жасқа дейінгі қыздар арасында жеңіп алған.  


Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ережелеріне сәйкес, ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер (ХГ) атағына қол жеткізу үшін ХГ үш нормасын орындау қажет және ELO FIDE рейтингісінде 2500 ұпайдан көп жинау керек.


ХГ алғашқы нормасын Жансая Әбдімәлік World Open 2017 (Филадельфия, США) ірі халықаралық турнирінде орындаған. 216 шахматшы, оның қатарында 33 гроссмейстер және 26 халықаралық шебер қатысқан додада ол екінші орынға ие болды.  Ал 2018 жылдың наурызында ол ХГ екінші нормасын орындады. 150 шахматшы қатысқан Karpos Open-2018 в Скопье (Македония) турнирінде Жансая бесінші орынды қанжығасына байлады. Дәл сол жылы сәуірде қазақстандық бойжеткен Budapest Spring Festival 2018 (Венгрия) халықаралық турнирінде үшінші норманы орындайды.


2021 жылы маусымда Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өткен ФИДЕ әйелдер Гран-приінің соңғы кезеңінде жеңіске жетті. Ол бірде бір ойында жеңіліс таппай, 11 ұпайдың 8½ жинады. Осылайша Жансая Әбдімәлік 2500 пункттен асатын, көптен күткен рейтингке қол жеткізіп, ерлер гроссмейстері атағына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.